Руханият • 30 Шілде, 2019
Торғайдың даласы – тылсым. Ұшқан құстың қанаты талатын сары дала халқымыздың арғы-бергі тарихына тұнып тұрғанын көкірек көзі танығанмен, ол ақиқатты анықтайтын ғылымның нысаны бола қоймаған. Әсіресе, Торғайда ежелгі тарихтың еншісі барлығын көктемде қар еріп, су тасығаннан кейінгі Торғай, Жыланшық өзендері табанынан осы күнге дейін табылып жүрген зіл мен оның «замандастарының» алып сүйектері «айтып қояды».
Руханият • 30 Шілде, 2019
Сұмқайтты жазығының тарихи сыры көп
Қазақ даласының дегдар болмысын бірауыз сөзбен суреттеу мүмкін емес. Ел мен жердің тағдырына, тарихына қатысты шежірелі деректер Ұлы даланың қай қиырында да қазына болып қатталып тұр. Кешегі антына адал, сертіне берік бабалардың қасықтай қаны қалғанша жаумен қырқысқан жерінің бәрі де қазақ даласының бүгінгі құйқалы қонысы, мәңгілік атамекені. Сүйемдей жер үшін сүйегін берген баһадүрлердің асыл мұрат жолындағы рухы қазақтың бар атырабында асқақтап тұр.
Экономика • 30 Шілде, 2019
Ет өндіруде есеміз кетпесін десек...
Қазақстан аграрлы мемлекет болғанымен елдің ішкі нарығын ауыл шаруашылығы өнімімен толықтай қамтып отырған жоқ. Әсіресе, азық-түлік өндірісіндегі дайын ет өнімі тұтыну нарығында әлі күнге жоғары сұранысқа ие. Оның үстіне, ішкі нарыққа еркін еніп отырған сыртқы тауардың да үлесі қомақты.
Қоғам • 30 Шілде, 2019
Краудсорсинг – қоғаммен диалог орнату құралы
Өткен ғасырдың 80-жылдарында бірқатар Батыс елдерінің бір қатарында бәріне жауапты саналатын патерналистік мемлекеттер халықтың жедел қарқынмен өскен әлеуметтік сұраныстарына жауап бере алмай, тығырыққа тірелді. Себебі еркін экономика мен әлеуметтік жаңашылдық өмір стандарттарын көз ілеспес жылдамдықпен өзгертіп жатты. Ал адамдар жаңа стандарттарға сәйкес өмір сүргісі келіп, мемлекетке көбірек талап қоя бастады. Осы кезеңде азаматтардың бастамаларын тежеп, адамдардың дербестігіне тұсау болған бюрократиялық басқару стилі қоғам тарапынан сынға ұшырады. Нәтижесінде, қоғамдық қысымдағы үкіметтер бірқатар реформаларға баруға мәжбүр болады. Осы реформалар тудырған басқару тәсілі кейін Жаңа мемлекеттік басқару (New Public Governance) стилі деген атауға ие болды.
Қоғам • 30 Шілде, 2019
Жолаушы сенген жолсерік қылмыскер болса...
Өткен жылдың қыркүйек айында «Нұр Сұлтан-Нұрлы жол – Ақтөбе» бағытындағы №98 жолаушылар пойызында болған зорлау оқиғасы бойынша Қостанай қалалық №2 сотында үкім шықты. Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша кінәлі деп танылған жолсеріктер Жетес Үмбетәлиев пен Қолқанат Құрманиязов 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. Ай мен күннің аманында пойызда қаннен-қаперсіз келе жатқан жолаушының зорлануы қоғамның наразылығы мен ашу-ызасын тудырды. Ал қорланған жәбірленуші өз-өзіне қол жұмсауға да әрекеттенген.