Қазақстан • 02 Шілде, 2018
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне Елбасы кітаптарын сыйға тартты
Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың көптомдық «Таңдамалы сөздер», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы», «Тәуелсіздік дәуірі», «Қазақстан жолы» кітаптарының, Президент Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбековтің Тұңғыш Президент Н.Назарбаев туралы еңбектерінің 400 данасын сыйға тартты.
Қазақстан • 02 Шілде, 2018
Астананың бас жобасын жасаған Кисе Курокаваны қазақстандықтар ұмытпайды
Бұдан бір-екі күн бұрын ғана Президент Ақордада кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкинді қабылдағаны белгілі. Соны теледидардан көріп отырғанымызда қызым маған қарата «Сіз білесіз бе, Нұрсұлтан Әбішұлы мына Гена сияқты мықтыларды неге жақсы көреді?» деген сұрақ қойды. «Енді, ел намысын қорғап жүрген ерлерді қай-қайсымыз да құрметтейміз ғой» дедік жалма-жан жауабымызды қайтарып. Көкейіндегісін толық таппасақ керек, қызым әрі қарай кетті. «Дұрыс қой, марғасқаларды мадақтау – бұрынғы-соңғының жолы екенін білемін. Бірақ меніңше бұл кісі Головкиннің өнбойынан өзіне тән өрлік қасиеттерді көреді. Сондықтан сүйсіне қарайды. Өйткені біздің Президентіміз тумысынан ту ұстаған Жеңімпаз – Лидер! Амбициясы Алатаудай! Ең бастысы, мейлі қандай қиындықтар кездеспесін, межелеген биіктерінің бәрін бағындыра алатын адам!» деді салмақты ойын сабақтап.
Қазақстан • 02 Шілде, 2018
2 шілде – Қазақстанның Дипломатиялық қызметі күні
Егемендік пен тәуелсіздік алған күнінен бастап Қазақстан заманауи отандық дипломатияның бастауында тұрған Мемлекет басшысы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бас сәулетшісі болып табылатын дәйекті және тиімді сыртқы саясатты жүргізіп келеді.
Үкімет • 02 Шілде, 2018
Министр Мәдина Әбілқасымова халық алдында есеп берді
Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова халық алдында есеп берді. Кездесуді ашқан ведомство басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысының үш бағытқа негізделгенін атап өтті. Бұл – халықты әлеуметтік қамсыздандыруды және қорғауды жаңғырту, нәтижелі жұмыспен қамту, халықтың кірістерін және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қатынастарын реттеу жұмыстары. Министр 2017 жылы халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына жан-жақты қолдау көрсетілгенін атап өтті.
Парламент • 02 Шілде, 2018
Парламенттің үшінші сессиясы аяқталды, депутаттар – демалыста
Жұма күні Мәжіліс үйінде өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында VI сайланған Парламенттің үшінші сессиясы аяқталғаны туралы қаулы қабылданып, депутаттар кезекті жазғы демалысына кетті. Бірлескен отырыс Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өтті. Ол кіріспе сөзінде алтыншы сайланған Парламенттің үшінші сессиясының қызметі еліміз үшін өте маңызды және тарихи кезеңде атқарылғанын айтты.