Қазақстан • 03 Шілде, 2018
Aстана – бейбітшілік пен достық ордасы
Қазақстанның елордасы Астананың 20 жылдық мерейтойы – ерекше тарихи оқиға. Бұл қала Қазақстанның тәуелсіздігі мен азаттығының рәмізі, сонымен қатар саяси жігердің, шешімділік пен көшбасшылықтың айқын үлгісі. Өте қысқа уақытта шағын қаладан өз өңірінің ең маңызды орталықтарының біріне айналып, бейбітшілік пен дәнекерлік миссиясымен көзге түскен Астана қаласы – жаһандық тұрғыдан тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізгі мекенжайының бірі. Сол себепті барша қазақ халқын шын жүректен құттықтап, Қазақстанның, Астана қаласының одан әрі дамып, өркендеуіне тілектестігімді білдіремін.
Қаржы • 03 Шілде, 2018
АХҚО ел экономикасына серпін береді
Кеше Үкімет үйінің баспасөз орталығында «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов орталықтың 5 шілде күні өтетін ресми ашылуына дайындық барысы жайында айтып берді.
Қазақстан • 03 Шілде, 2018
«Нұр Отан» партиясы қайта жаңғыртылған Nur Otan Talks жобасын өткізді
«Нұр Отан» партиясының қайта жаңғыртылған Nur Otan Talks жобасы аясында елордамыздың белгілі бір белестерді бағындырған тұрғындары бас қосты. «Астана: асқақ арман» деген тақырыппен өткен іс-шара бас қаламыздың 20 жылдық мерейлі мерекесіне арналды. Онда қатысушылар өздерінің жетістікке қалай жеткені жайында кеңінен айтып берді.
Қазақстан • 03 Шілде, 2018
Қ.Тоқаев. Астана - Елбасы жігерінің жеңісі
Бағалай білсек, біз – бақытты ұрпақпыз. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздік таңы атқанын көрдік. Дербес мемлекеттің құрылысына атсалыстық. Елімізді төрткүл дүниеге таныттық. Әсіресе Тәуелсіздігіміздің ең қасиетті, қымбатты символы – жаңа елордамыздың бой көтергеніне куә болдық. Осының бәрі нағыз бақыт емес пе?
Қазақстан • 03 Шілде, 2018
Орталық коммуникациялар қызметінде «Славянский базар в Витебске» Халықаралық өнер фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Халықаралық өнер фестивалі Беларусь мемлекетін дүние жүзіне танымал еткені белгілі. 1995 жылдан бастап фестиваль Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко мырзаның жеке қолдауымен, көп жылдар аралығында осы музыка форумы басқа елдер мен халықтар аралығында мәдениеттер диалогының дамуына ықпал етіп келеді.