Білім • 03 Шілде, 2018
Шигео Катсу: 2025 жылға қарай Назарбаев Университет студенттерінің саны екі есеге өседі
Биыл ТМД елдері ішіндегі ең атақты төрт университеттің біреуі саналатын Назарбаев Университет өзінің IV түлектерін салтанатты түрде шығарып салды. Осы жылы бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 800-ден астам студент диплом алды. Оның ішінде Ғылым және технологиялар мектебі дәстүрлі түрде ең көп студенттер шығарған. Жоғары оқу орнын бітіруші 218 түлектің арасында болашақ биологтер, ғалымдар, инженерлер бар. Осы орайда «Назарбаев Университет» ДББҰ президенті Шигео КАТСУМЕН сұхбаттасқан болатынбыз.
Қазақстан • 03 Шілде, 2018
Тәуелсіздіктің 18-жылы еліміз үшін оңай болған жоқ. Өткен жылдардағы қаржылық дағдарыстан кейін ел экономикасын сауықтыруға 14 млрд АҚШ доллары жұмсалды. Соған қарамастан, еліміздің алтын-валюта қоры жылдың соңында 52 млрд АҚШ долларына жетті. «Жол картасын» жүзеге асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден 191,5 млрд теңге бөлініп, жұмыссыздық деңгейі 6,3 пайызға азайды. Осы жылы Минск қаласында Беларусь, Қазақстан және Ресей мемлекеттері басшылары үш елдің арасында Кеден одағын құру туралы құжатқа қол қойды.
Қазақстан • 03 Шілде, 2018
Астананың 10 жылдық мерейтойына байланысты Парламент «Қазақстан Республикасының мерекелер туралы» Қазақстан Республикасындағы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдап, бұған дейін 10 маусымда тойланып келген қала күні датасын ауыстырып, бұдан былай «6 шілде – Астана күні» мемлекеттік мереке болып бекітілді. Мұның сыртында осы жылы Астанада екі бірдей халықаралық беделді саяси шара – ЕҚЫҰ Парламентаралық Ассамблеясы мен ТМД қалаларының халықаралық ассоциациясының сессиясы өтті.
Қазақстан • 03 Шілде, 2018
Елорда – елдің бірлігі, Елбасы ерлігі
Жақында Түркияның астанасы Анкарада Астана қаласының 20 жылдығына арналған алқалы басқосу өткенін бұқаралық ақпарат құралдарынан оқыған едік. Сол жиында өзіміз өте жақсы білетін біршама қайраткерлер – түрік бауырларымыз Қазақстан қоғамы тұралап тұрған тарихи тығырықты тұста Астанадай қала салуға қаһармандық қадам жасау Нұрсұлтан Назарбаевтың нағыз батырлығы, ерен ерлігі екенін ерекшелей келе елордамызды «Түркі әлемінің жүрегі» деп атапты. Ал айтулы, мәшһүр профессор Мұса Йылдыз: «Қазақстанның бас қаласы – ел мен жерді рухани оятуды көздейтін қазіргі заманғы Түркі астанасы», деп түйіндепті.
Аймақтар • 03 Шілде, 2018
Қабағынан қар жауған қарт Тарбағатай жырақтан қарасаң тым суық, сұсты. Қарлы шыңдарының етегі бұлыңғыр тартып дымданып тұрады. Қысының қары қалың, жазы салқын бұл өңір ешкімді де жатсынбайды. Жақындап қойнына ене берсең сенен жылуын аямайды. Бауырына басып, баласындай мәпелейді.