Білім • 03 Шілде, 2018
Адами капитал дамуындағы білім векторы
Адами капитал – өзекті мәселе. Бәсекеге қабілеті жоғары мемлекетте адами капитал несімен артық? Осы орайда білімнің адами капиталды қалыптастырудағы рөліне тоқталғым келеді.
Медицина • 03 Шілде, 2018
Көп зейнетақыны көп жұмыс істеген алады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа 1,8 есеге ұлғаяды деп атап өткені белгілі. Әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесін құруда қазіргі зейнетақы толығымен еңбек өтіліне қарай берілмек. Яғни, Президенттің айтуынша, кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алатын болады. Бұған дейін 2016-2017 жылдары зейнетақы мен жәрдемақы үш рет көбейген болатын. Дағдарысқа қарамастан, әлеуметтік төлемдерді, соның ішінде зейнетақыны өсіру 3 миллионнан астам қазақстандықтың табысын көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл орайда биыл жыл басынан бастап ынтымақты зейнетақының 8 процентке артқанын да айта кеткен ләзім.
Аймақтар • 03 Шілде, 2018
Атырауда жалғызілікті әке баспаналы болды
Төрт баласын бір өзі тәрбиелеп отырған Қайрат Алипанов аяқ астынан мұндай қуаныш болады деп ойламаған да шығар. Ең кіші баласының жасы үште. Жалғызілікті әке ұзақ жыл бойы пәтер жалдап күнелтті.
Аралас тілді мектеп – ана тілімізге тұсау
Қазақ мектебінің кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшетіні айқын болды. Тіл тұғырын бекемдейтін тарихи кезеңнің көшін бастау – қазақ мектебін орта білім беру ісінде бағдаршам болатын деңгейге алып шығатыны анық. Жауапты кезеңде бастауыш буынның бірінші сыныбынан араластілділік туғызып, ағылшын тілін қосақтау – қазақ мектебінің мемлекеттік маңызды міндет биігінен көрінуіне көп кедергі келтіруі мүмкін. Араластілділік мектеп табалдырығын аттаған балауса ұрпақтың еркін білім алуына бөгет болатыны қоғамдық ортада наразылық туғызғаны орынды.
Аймақтар • 03 Шілде, 2018
Түркістан облысының тауар өндірушілері Астанада жәрмеңке өткізіп жатыр
Шымкенттен Астанаға қарай сапарлайтындар саны бүгінде көбейе түскен. Жолға шыққандардың мұраты – мерейтойға жету, елорда тұрғындарының қуанышына ортақтасу. Жылдам жеткісі келетіндер ұшаққа, асықпайтындар пойыз бен автобусқа алдын ала билет алып қойған. Бүгінде жолаушы тасымалдайтын пойыз бен ұшаққа билет табу қиын. Ал Түркістан облысының тауар өндірушілері Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай, елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізіп жатыр.