Әлем • 03 Шілде, 2018
Жаһан жаңалықтары. «Спортинг» клубына жаңа жаттықтырушы тағайындалды
Португалияның «Спортинг» клубы Жозе Пезейрудің команданың жаңа бас жаттықтырушы қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді. Лиссабондықтар 58 жастағы маманмен бір жылдық келісімшартқа қол қойған. Келісімді мерзімді ұзарту мүмкін екендігі де айтылған.
Футбол • 03 Шілде, 2018
Әлем чемпионаты-2018. Қақпашылар бенефисі
Леонель Месси мен Криштиану Роналду бастаған бір шоғыр атақты шабуылшылар мундиальмен қош айтысқаннан кейін тойдың сәнін қақпашылар келтіріп тұр. Хорватия қақпашысы Даниель Субашич пен Дания қақпашысы Каспер Шмейхель 3 пенальтиден қайтарса, Акинфеевтің арқасында Ресей құрамасы ширек финалға жолдама алды.
Қазақстан • 03 Шілде, 2018
Көзі тірі болғанда Жанбек Сауранбаев бұл күндері 78 жасқа толатын еді. Алайда 2016 жылдың қазан айында Алаш жұрты абзал азаматынан көз жазып қалды. Атағы алысқа жайылған Алматының «Буревестнигі» мен КСРО құрамасының сапында өнер көрсеткен қазақтың жалынды жігіті кезінде әлемдегі теңдессіз волейболшылардың бірі әрі бірегейі болғанына ешкімнің күмәні жоқ.
Кино • 03 Шілде, 2018
Астанада халықаралық XIV «Еуразия» кинофестивалі ашылды
Астананың «Қазақстан» Орталық концерт залында 1-7 шілде аралығында өтетін халықаралық XIV «Еуразия» кинофестивалі салтанатты түрде шымылдығын түрді. Қазақ жерінде өтетін кинодуманға дүниенің түкпір-түкпірінен ат терлетіп жеткен отандық, голливудтық, ресейлік кино дүлдүлдері дәстүр бойынша қызыл кілемнің үстімен жүріп өтті.
Кино • 03 Шілде, 2018
Нұрлан Санжар: Қожа емес, қарапайым Нұрлан болып өмір сүргім келді
Түркиядағы «Қазақстан күндері» аясында түрік тіліне аударылған «Менің атым – Қожа» кітабының тұсаукесері өтіп, балалық шағымызбен ілесіп келе жатқан картина түрік тілінде экранға жолдама алған-ды. Жинақты түрік тілінде сөйлеткен қазақ әдебиетінің зерттеушісі, түрік ғалымы Жәмилә Кынажы болса, айтулы оқиғаға Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Кечиөрен муниципалитеті қолдау көрсеткен еді. Алайда бұл шараға денсаулығына байланысты фильмде Қожа рөлін сомдаған актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан САНЖАР қатыса алмады. Ал енді Нұрлан Санжарды актер демей отырғанымыздың да өзіндік себебі бар. Қожа рөліне дейін актер болмаған 12 жастағы өзгеше бала «Менің атым Қожадан» кейін де актерлық жолды таңдаған жоқ. Бұл – бозөкпе баланың қабілетін шыңдаған Абдолла Қарсақбаевтай режиссердің хас шеберлігі болатын. Сонымен сәті түскен жедел сұхбаттың ұзын-ырғасы төменде.