Аймақтар • 04 Шілде, 2018
Сырдария ауданында жұмыссыздық деңгейі төмендейді
Сырдария ауданында 2018 жылы 725 жаңа жұмыс орны ашылу керек болатын. Аудан әкімі Ғанибек Қазантаев қазір 283-інің ашылғанын, жыл соңына дейін 423 жұмыс орнын күтіп отырғандығын айтады. Сонда ауданда жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайыздан 4,9 пайызға төмендейді екен.
Үкімет • 04 Шілде, 2018
Б.Сағынтаев Татарстан президентімен инвестициялық ынтымақтастықтың келешегін талқылады
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының таныстырылымына және Қазақстан елордасының 20 жылдығын мерекелуге қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен келген Татарстан Республикасының президенті Рустам Миннихановпен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Бизнес • 04 Шілде, 2018
Қызылордада шағын және орта бизнеске қолдау көп
Қазалы ауданында кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың қатары жылдағыдан анағұрлым көбейіп келеді.
Аймақтар • 04 Шілде, 2018
Ақтөбеде тұрғындар үшін қолжетімді коттедждер салынды
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты – тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар мен тұрғындардың санын азайту екені белгілі. Яғни аталған бағдарлама аясында баспаналы болғысы келгендер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі арқылы өз мақсаттарына қол жеткізе алады. «Нұрлы жер» қатып-семіп қалған емес, керісінше тұрғындардың мүмкіндігі мен ыңғайына және әр түрлі талап-тілектері мен сұраныстарына қарай икемделе алатын жанды бағдарлама. Осы орайда соңғы жылдары Ақтөбе аймағында тұрғызылған тұрғын үйлер мен коттедждердің елімізде ешқандай баламасы болмай отыр.
Аймақтар • 04 Шілде, 2018
Қостанай облысында бірнеше аудандар мен Арқалық қаласында әкімдер ауысты
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аудандық және қалалық мәслихаттар депутаттарымен келісе отырып, жаңа әкімдер тағайындады. Сарыкөл ауданына Амантай Балғарин тағайындалды, ол осыған дейін Арқалық қаласын басқарған болатын.