Тарих • 05 Шілде, 2018
«Ұлы Дала Астанасы» кітабы жарық көрді
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Анкарада «Ұлы Дала Астанасы» (Ulu Bozkır Başkenti Astana) атты кітап жарық көрді.
Тарих • 05 Шілде, 2018
Жылдың басы ақпан айында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастама көтерілді. Сөйтіп кезектен тыс сайлау 26 сәуірде өтті. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне дауыс беру қорытындысын жариялап, сайлаушылардың 97,75 пайыз дауысына ие болған Н.Назарбаевтың жеңісін ресми мәлімдеді. Мемлекет басшысы сайлауалды тұғырнамасында бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың маңызды қадам екенін, сондай-ақ оны түбегейлі іске асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын заңдық тұрғыдан қамтамасыз етуді ұсынды.
Бұл – Тұңғыш Президенттің қолтаңбасы - Виталий ИГНАТЕНКО
Мен үшін әсем қала Астананы тұрғызған, өзінің таланты мен ерен еңбегі арқасында Қазақстанның жаңа елордасын әлемге сыйлаған барлық адамдарды және оның тұрғындарын құттықтау үлкен абырой!
Елорданың ертеңі еңселі - Анар РЗАЕВ
Осыдан 20 жыл бұрын Астана қаласының халықаралық таныстырылу рәсіміне қатысуға мүмкіндік алдым. Құрметті меймандармен бірге Әзербайжан делегациясы бауырлас қазақ елінің қуанышын бөліскен едік.
Қаржы • 05 Шілде, 2018
«Астана» ХҚО: неміс бизнесінің іскерлік мүдделерінің назарында
Халықаралық қаржы орталықтарын құру бүкіл әлемде елдің тұрақтылығын, бай-қуатты және келешегі зор екендігін көрсетеді және мұндай мемлекет әлемдік қаржы ағындарын басқаруға лайықты ел ретінде қабылданады. Сонымен қатар ХҚО-ның табысты жұмыс істеуіне қажетті алғышарттар қаржылық ортадағы сенімділік, қаржы институтының өзектілігі, басқа да осыған ұқсас мекемелермен салыстырғанда қызмет қарапайымдылығы ретіндегі қадамдары ХҚО-ның қызметінің жоғары сапалы заңнамалық және инфрақұрылымдық қолдауы, күшті кадрлық ресурстары болып табылады. Осы критерийлерге Нью-Йорк, Лондон, Майндағы-Франкфурт, Цюрих, Дубай, Гонконг, Сингапур сияқты әлемдегі ең ірі қаржы орталықтары сай келеді.