Инфрақұрылым • 31 Шілде, 2025
Инфрақұрылымды дамыту жалғасады
Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр.
Басылым • 31 Шілде, 2025
Маңғыстаудың туристік орындары туралы материал көрікті суреттерімен Испанияның «VIAJAR» атты танымал журналында жарық көрді.
Тағзым • 31 Шілде, 2025
Қостанайдағы Сырбай Мәуленов атындағы мектеп-гимназияда көрнекті ақынға арналған мемориалдық тақта орнатылды. Іс-шара барысында ақын, драматург Ақылбек Шаяхмет Сырағаңның Қостанайда қызмет еткен кезеңдерінен сыр шертсе, ақынның ұлы, заң ғылымдарының докторы Қасым Сырбайұлы мектеп ұжымына, шәкірттерге табыс тілеп, ризашылық білдірді.
Таным • 31 Шілде, 2025
Қаршыға мен қаздың «түйе тіркеуі»
Қазақ халқының құсбегілік өнері – үлкен ілім. Соның ішінде сұңқар, қаршыға, ителгі, лашын, қырғи сияқты шәулі қырандармен саят құру ерекше ілкімділікті һәм айла-тәсілді қажет етеді. Мысалы, Ертіс бойын және айдын шалқары көп Арқа өңірін мекендеген саятшылар көп қолданатын «түйе тіркеу» тәсілі деген бар.
Әйел әлемі • 31 Шілде, 2025
«Алтын» және «Күміс» алқалар табысталды
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқаларды табыстау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.