Қазақстан • 22 Шілде, 2021
Резервтегі әскери қызмет: Кім және қашан шақырылады?
Жақында Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі әскери ведомство халықаралық тәжірибеге сүйеніп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын дайындағанын мәлімдеді.
Қазақстан • 22 Шілде, 2021
Еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарының саны кәсіп іздеген қазақстандықтардан екі есе асып түскен. Рас, былтырғы қатаң локдаун біраз мекеменің штатын қысқартып тастады. Кейбір мамандықтар өзектілігін жойса, қызметтің біраз түрі онлайн форматқа ауысты. Бірақ арада жыл өтпестен қайтадан кадр тапшылығы туындап жатыр.
Экономика • 22 Шілде, 2021
Осыдан 23 жыл бұрын астанамыз Нұр-Сұлтанда 326,9 мың адам тұрған екен. Содан бері бұл цифр бірнеше есе ұлғайды. Астана ірі мегаполиске, Еуразияның жүрегіне айналды. Осы аралықта бас қаланың экономикасы да өрлеу кезеңдерінен өтті. Бүгінде елорда қуатты экономикалық орталық ретінде де әйгілі.
Бокс • 22 Шілде, 2021
Бүгін ХХХІІ жазғы Олимпиаданың алауы тұтанады. Аталған байрақты бәсекеде боксшыларымыздың алар орны ерекше. Былғары қолғап шеберлеріміз 1996 жылы өткен Атланта Олимпиадасынан бастап алты жазғы Олимпия ойындарына қатысты. Осыған дейін төрт жылда бір келетін дүбірлі жарыста 7 алтын, 7 күміс және 8 қола медаль жеңіп алған боксшыларымыз елге алтын медальсіз қайтқан емес. Токио төрінен де бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев шәкірттерінен осындай жеңісті көргіміз келеді.
Руханият • 22 Шілде, 2021
Бұландының ит тұмсығы өтпейтін қалың орманы сәл сейілген, ат төбеліндей алқапта, Өзектісайда заманында даңқы жер жарған Балуан Шолақтың ескерткіш кешені аңызғақ желден, ақ жауыннан тозып, жетімсіреп тұр.