Қашықтан ұрланған қаражат. Атыраудағы емханадан 70 млн теңгені жымқырғандар сотталды
Қитұрқылықтың сан алуан түрін меңгергендер қаржыны қашықтан ұрлауға көшті. Соның бір дәлелі – Атыраудағы №1 емхананың есепшотынан 70 млн теңгенің жымқырылуы. Күдіктілер мұнайлы өңірден емес, Жетісу төріндегі Талдықорған қаласынан тамыр тартқаны анықталды.
Қоғам • 23 Шілде, 2021
Кез келген саланың абырой-беделін ісіне мығым, мамандығына адал азаматтар асырады. Солардың бірі – Жамбыл облыстық жергілікті полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев десек, қателеспейміз. Өткен жылы ол Президент Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Медицина • 23 Шілде, 2021
Медициналық сақтандыру жүйесі халыққа көрсетілетін сапалы медициналық қызметтің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Жүйе енгізілгелі бері пандемия жағдайындағы кедергілерге қарамастан біраз жұмыс атқарылып жатыр. Айталық, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасып, елге қызмет көрсетіп жатқан жекеменшік клиникалардың қатары артуда.
Аймақтар • 23 Шілде, 2021
Қостанай облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсіп кетті. Өңірдің эпидемиялық ахуалы мәз емес. Соңғы мәлімет бойынша, облыста бір күн ішінде 141 адамнан COVID-19 табылып, індет жұқтыру қарқыны 0,76 пайызға өскен. Науқастардың дені – Қостанай, Рудный және Арқалық қалалары мен Қостанай ауданының тұрғындары. Бұл туралы індетке қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында да айтылды.
Аймақтар • 23 Шілде, 2021
Иммундық плазма дайындау жоспары орындалды
«Қызыл аймаққа» енген Семей қаласында дерт дендеп тұр. Кешегі тәулікте ғана коронавирус індеті 40 адамнан анықталды. Жалпы, Шығыс Қазақстан бойынша 104 жағдай тіркелсе, оның көбі Семейден шығып отыр. Бүгінде өңірдің инфекциялық стационарларында 560 адам, реанимацияда 53 адам жатыр.