Технология • 17 Шілде, 2024
Кейінгі жылдары жастарымыз роботтехниканы жетік меңгеріп, технология саласына дендеп енді. Мысалы, кеше ғана Алматылық оқушылар Аустралияда роботтехникадан өткен чемпионатта екі жүлде алды. Еліміздің «Sana Team» құрамасы «FIRST Tech Challenge» категориясы бойынша «Asia Pacific Open Championship» халықаралық чемпионатының жеңімпазы атанды. Сайысқа 11 елден барлығы 400-ге жуық бала қатысқан. Осыған жету жолында қаншама еңбек атқарылды. Тек жарыс емес, инновация жағынан да біршама жақсы нәтижені көріп жүрміз.
Технология • 17 Шілде, 2024
Соңғы сынға сүрінбей жеткен стартаптар
Қазақстан Орталық Азиядағы «Google for Startups» жаһандық компаниясымен бірге акселератор жүргізетін алғашқы және жалғыз мемлекет мәртебесінде қала бермек. Биылғы «Silkway Accelerator 2024» бағдарламасына 238 стартап қатысуға ниет білдірген еді. Солардың 15-і ғана «Astana Hub» пен «Google for Startups-тың Silkway Accelerator» атты бірлескен бағдарламасының соңғы кезеңіне өтті. Жобаларды Орталық Азия елдерінің білікті сарапшылары мен «Google for Startups» өкілдерінен тұратын арнайы комиссия іріктеді.
Өнер • 17 Шілде, 2024
Қарағандыда тағы бір этнофестиваль өтіп, өшкеніміз жанып, рухымыз көтерілді. Ол – «Ортеке» республикалық этнофестивалі. Сәкен театрында сән-салтанатымен өткен мәдени кеште көнеден көшкен күй күмбірледі. Биыл бағын сынаған күйшілер тек өздерінің авторлық күйлерін шертті. Сонысымен ел ерекше қабылдады.
Қоғам • 17 Шілде, 2024
Еліміздегі әлеуметтік міндеттемелердің бірі – жалпыға бірдей кедергісіз орта құру. Осы ретте балаларды оқыту және тәрбие жұмысын жетілдіруге педагог-ассистент штаты енгізілді. Бүгінде олардың саны 2,5 мыңнан асып отыр.
Әдебиет • 17 Шілде, 2024
Сағидың жырларындағы сыршыл лириканы қазір емге таппауыңыз мүмкін. Сананы техника билеп барады ғой өйткені. Әу баста темірден сескенген адамзат баласы. Мыстан кемпір, жез тырнақтар сияқты мыс, темірден құйылған жаратылыстар түбіне жетерін сезгенін аңғару қиын емес. Тұрмыс техникаға тәуелденген сайын сананың да солай қарай ауарын айтып жатпайық. Ал оңаша отырып Сағи Жиенбаевты оқысаң, ішің жылып қалады.