Үкімет • 31 Шілде, 2025
Парламент спикерлерінің VI Дүниежүзілік конференциясы
Мәжіліс төрағасы бастаған делегация Женева қаласында өтіп жатқан Парламент спикерлерінің VI Дүниежүзілік конференциясына қатысты. Ерлан Қошанов жалпы дебатта сөз сөйлеп, екіжақты кездесулер өткізді.
Саясат • 31 Шілде, 2025
Қазақ-түрік қарым-қатынасы: Болашағы баянды бауырластық
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға жасаған ресми сапары қос тараптың стратегиялық әріптестігі аясындағы негізгі басымдықтарын тағы бір айқындап берді. Бұйыртса, жыл өткен сайын жанданып келе жатқан сауда айналымы серпін алмақ. Төңіректегі тыныштықты бұзып тұрған геосаяси ахуал да екі ел Президенттерінің қорғаныс, әскери-техника бағытындағы әріптестікті тағы бір пысықтауына негіз болды. Қысқасы, қос елдің бір-біріне деген құрметі мен достығы тұрғысынан қол қойылған 18 құнды құжат маңызды мақсатқа, ортақ мүдделі мұраттарға жетелемек.
Медицина • 31 Шілде, 2025
Жүйеге тіркелу көрсеткіші көңіл көншітпейді
Кейінгі жылдары мемлекет әлеуметтік салаға айрықша назар аударып отыр. Әлденеше жыл бұрын басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру (МӘМС) жүйесі ұдайы жетілдіруді қажет ететінін Парламент депутаттары үлкен мінберлерден талай рет айтты. Мемлекет басшысы да МӘМС мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Үкіметтің кеңейтілген отырысында да бұл маңызды тақырып бірнеше рет талқыланды.
Қоғам • 31 Шілде, 2025
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Алматы облысында еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара өтті. Іле ауданындағы «Бент» ЖШС өндіріс алаңында «Amanat» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Чемпиондық рух» жобасы аясында зауыт жұмысшылары мен танымал спортшылар бірлесіп жаттығу өткізді. Жаттығуға 150-ге жуық адам қатысты.
Тұлға • 31 Шілде, 2025
Бұл – 2002 жылғы 20 желтоқсанда болған оқиға. Алматыдағы Ықылас Дүкенұлы атындағы мұражайда шертпе күйдің сұңғыласы атанған Сүгір Әліұлының туғанына 120 жыл толуына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Міне, осы сапарға шалғайдағы Созақ ауданынан Ергентай Борсабаев шақырылады. Конференциядан соң, яғни 21 желтоқсан күні Қазақ радиосының «Күй құдіреті» бағдарламасын жүргізетін белгілі композитор, күйші Қалқаман Жүнісбекұлы теріскейден ат терлетіп келген Ергентайдан сұхбат алады. Ерекең сұхбат бере отырып, Ықыластың үш күйін, Сүгірдің сегіз күйін таспаға жаздыртады.