Ауыл • 17 Шілде, 2024
Солтүстік Қазақстан облысындағы Жамбыл ауданын жергілікті жұрт «Ұлылар мекені» деп атайды. Себебі аса көрнекті жазушылар Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Сафуан Шаймерденов – осы өңірдің тумалары. Олардың мерейтойы ел көлемінде думандатып атап өтіліп жатқанымен, туып-өскен ауылдарының жағдайы жылдан-жылға нашарлап барады.
Қоғам • 17 Шілде, 2024
Ағын суы жоқ, ауызсуға әуелден мұқтаж Маңғыстауда қазір жағдай күрделі. Кезінде шалғайдағы мал отарлары үшін қазылған құдықтардың тұщы суы ауызсу қажеттілігін біршама өтеуге сеп болды. Соның өзінде жаңбырдың суын ыдыстарға жинауға, сыртын құммен бастырып, қар тоқтатуға тура келген. Ал бүгінде Маңғыстау өңірін мекендеген тұрғындар саны көшіп келушілер мен табиғи өсім нәтижесінде екі еседен аса өсті, сондай-ақ кеңшарлар таратылып, халықтың аудан орталықтарына, өңірдегі ірі қалаларға көшуі көбейді. Мал отарлары үшін қазылған құдықтардың көбі қажетсіз болып қаңырап қалып, ақыры құмға көміліп, жоқ болды. Бұл жағдайлар шөлді өңірде ауызсу тапшылығы мәселесін туындатты.
Қоғам • 17 Шілде, 2024
Суға шомылу маусымы басталғаннан-ақ онсыз да жұмысы қауырт құтқарушылар тыным таппай кетеді. Су жағалап, жұртты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады, айдында рейд жүргізеді. Әйтеуір тілсіз жаудың құрбандарының қатарын көбейтпеуге барын салады. Бірақ ескертуді елеп жатқандар аз. Салдарынан жыл басынан бері он шақты адам суға кетті. Олардың қатарында бой жетпейтін тереңге байқамай қойып кетіп, қайтып шыға алмай қалған балалар да бар.
Қоғам • 17 Шілде, 2024
Оңтүстік Марқаны маңдайға алды
Шекара шебі бос қалды деп аз жазбадық. Айтты-айтпады, шалғайдағы ауылдар қаңырап қалғаны қай-қайсымыздың да жанымызға батқан. Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назары Шығысқа ауып, бірқатар ауданның шекарасы қайта бекітіліп, бірқатары аудан мәртебесін алды. Соның бірі Марқакөл өңіріндегі ауылдарға қайта көш құйылып, елдің етек-жеңі жиылып жатыр.
Қоғам • 17 Шілде, 2024
XXI ғасырда технологиялық даму қарқынды жүріп жатқаны белгілі. Жасанды интеллекттен бастап электр көліктерін өндіру, байланыс пен өндіріс саласын роботтандыруға дейінгі экономиканың сан-саласын қамтыған дамудың негізгі қозғаушы күші ғылым екені анық. Осы мақсатта Дүниежүзілік экономикалық форумының «Frontiers» ғылыми журналдар баспагерімен бірлесіп жасаған биылғы 12-есебінде талданған бірқатар ғылыми жаңалықтарды оқырман назарына ұсынамыз. Есепте Жаһандық болашақ кеңесінің сарапшылары мен 300-ден астам жетекші ғалымдары және дамушы технологиялардың басқарушы тобындағы 10 жетекші мүшесінің тәжірибесіне сүйене отырып, қоғам мен экономикаға айтарлықтай әсер ететін 10 жаңа технология анықталады.