Аймақтар • 30 Шілде, 2024
Биыл қала мәртебесін иеленгеніне 70 жыл толатын Жезқазғанның тарихы өткен ғасырдың 30-40-жылдарынан бастау алады. Мұны неге айтып отырмыз? Өйткені қалада салынғанына ғасырға жуықтап қалған үйлер баршылық. Ауызекі тілде «ағаш үйлер» атанып кеткен бұл үйлер әбден тозығы жеткеніне қарамастан, әлі күнге дейін пәтері жоқтарға баспана болып келеді.
Ең қысқа әңгіме • 30 Шілде, 2024
Әр Олимпиаданың ашылу салтанаты Грекия елінің делегациясымен басталады. Өйткені Олимпиада отаны – Эллада елі. Ал шеру сайыс өтіп жатқан мемлекеттің делегациясымен аяқталады. Бұл – ешқашан өзгермейтін қағида.
Ең қысқа әңгіме • 30 Шілде, 2024
1894 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті құрылды. Бір қызығы, Афины қаласындағы алғашқы Олимпия ойындарында тек қана бірінші және екінші орындарға ие болғандар ғана медальмен марапатталған.
Спорт • 30 Шілде, 2024
Қабілет жас таңдамайды. Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпия ойындарындағы ең жас спортшы – қытайлық Чжэн Хаохао.
Ең қысқа әңгіме • 30 Шілде, 2024
Шіліңгір шілдеде болған жайт бұл. Сол күні аспан айналып жерге түскендей, иә, сұмдық «жылып» кетіп еді. Айтары жоқ. Шақырайып тұр. Адам денесін үйретпей, бірден ысыған соң тіл байғұс та ауызға сыймай, аңқаң қаңғырлап кебетінін қайтерсің. Шыдамай қаладағы азық-түлік сататын көп дүкеннің біріне бұрылғанмын. Тоңазытқыштағы қара суға жеткенше асық едім. Жеттім де. Осы кезде ой мен шөлді бұзған бір ғажап диалог бола қалғаны.