Қоғам • 31 Шілде, 2025
Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді?
2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстанда бірқатар маңызды өзгерістер күшіне енеді. Елде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады, кейбір мобильдік тарифтерге жаңа шарттар енгізіледі, АҚШ Қазақстаннан келетін импортқа 25% кедендік баж салығын енгізеді. Сонымен қатар, ChatGPT қызметінің бағасы қымбаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 31 Шілде, 2025
Шіліңгір шілде басталғалы бері Балқаш алқаптарындағы арпа-бидай ору жұмысы жанданып, дала төсі дүбірге бөленіп жатыр. Аудандық ауыл шаруашылығы мамандарының мәліметінше, биыл 16 124,1 гектар суармалы жерге егін егілсе, оның 5 066 гектарына арпа-бидай, 500 гектарға сұлы, 7 000 гектар жерге күріш дақылдары себілген. Осы күні диқандар егін орағының 510 гектарын бастырып үлгерген.
Ғылым • 31 Шілде, 2025
Азық-түлік өнімдерін ұзақ сақтап, сапасын жоғалтпай тұтыну – қазіргі ауыл шаруашылығы үшін өте өзекті мәселе. Әсіресе шалғайдағы фермалар мен егістіктерде жиналған жеміс-жидек, көкөніс пен ет-сүт өнімдері дер кезінде өңделмесе, жарамсыз болып қалуы мүмкін. Осы мәселені шешу мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары ерекше жаңалық ашты. Олар ауылшаруашылық өнімдерін ұзақ сақтайтын «Dayar 20» атты инновациялық қондырғы жасап шығарды.
Тұлға • 31 Шілде, 2025
Ғалымдығы мен азаматтығы тең тұлға
Раушанбек Әбсаттаров – айтулы қоғам қайраткері, көрнекті ғалым-саясаттанушы, әлеуметтанушы, академик. 40 шақты монография, кітап, оқу құралын және 600-ден астам ғылыми мақала жариялаған, есімі елімізде ғана емес, шетелдерге де белгілі ғалым.
Руханият • 31 Шілде, 2025
Қадыр ақын кітапты қалай оқыған?
Қазақ ақын-жазушыларының арасында кітапқұмарлығымен әйгілі қаламгердің бірі Қадыр Мырза Әлі болғандығы даусыз ғой. Қадыр ақынның өмір бойы кітап жинағаны, керек кітапты қалай да іздеп табатыны, өз үйіндегі кітапханасын қызғыштай қоритыны талай аңызға, қызықты естеліктерге өзек болған.