ЭКСПО-2017 • 31 Шілде, 2017
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесi аясында Ангола Республикасының ұлттық күнi мерекеленді. Салтанатты шарада Африканың оңтүстігінде орналасқан бұл мемлекеттің танымал әртістері өнер көрсеттi. Олар ұлттық әндерін шырқап, жергілікті халықтың мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін бейнеролик қойды.
ЭКСПО-2017 • 31 Шілде, 2017
Румыния павильоны қонақтарының назарын аударды. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Румынияның ұлттық күні тойланды. Мерекелік кеште көрермендер назарына мәдени бағдарлама ұсынылды. Онда флейтаның королі, суретші, ақын, Францияның, Бельгияның, Люксембургтің рыцары Георге Замфир өнер көрсетті. Джеймс Ласттың «Одинокий пастух» туындысын әлемге танытқан атақты музыканттың әлем сахналарына шығып жүргеніне жарты ғасырдан асқан. Сондай-ақ, ұлттық сахнада Румынияның «Дакия» мәдени қауымдастығының әртістері халық биін орындады.
Парламент • 31 Шілде, 2017
Екіжақты байланыстардың деңгейі жоғары
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов Франция Сенатының депутаты, француз Сенатындағы «Франция-Орталық Азия» достық тобының жетекшісі Ив Поццо ди Боргомен кездесті, деп хабарлады Жоғарғы палатаның баспасөз қызметі.
Әлем • 31 Шілде, 2017
Балқан түбегіндегі тиімді әріптес
Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Румыния Сыртқы істер министрі Теодор-Виорел Мелешканмен кездесіп, екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас мәселелерін талқылады
Медицина • 31 Шілде, 2017
«Аманат» сыйлығының лауреаттары анықталды
Аманат – бұл біздің Ұлы Дала төсін мыңдаған жылдар мекен еткен көшпелі қазақ тайпаларының жадындағы рух жаңғырығы, атадан балаға мирас дәстүр жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы деген ұғыммен байланысты қасиетті сөз. Шынымен де, асыл аманаттар арқылы мезгілмен шектелмейтін құндылықтарымызға қайта орала отырып, ұлттық ерекшеліктерімізді көздің қарашығындай сақтауға мүмкіндік ашамыз.