Құрылтай • 19 Шілде, 2024
Елдің бірлігі, ұлтымыздың тұтастығы, ауылдың бекем іргесі туралы ойлаған кезде әрдайым танымал ақын Сағи Жиенбаевтың «Дүниеге келер бір рет, дария-кеуде, тау-мүсін, Құрыштан құйған құдірет – қарттарым, аман-саумысың?» деп басталатын «Ауыл қарттары» өлеңін еске аламын. Шындығында ауыл – исі қазақтың ту тіккен түп қазығы.
Балалар • 19 Шілде, 2024
Бала қауіпсіздігі бағдарламасы
Елімізде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арнайы көмек бағдарламасы енгізіліп жатыр. Мақсат – зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, буллингке ұшыраған, сондай-ақ қылмысқа куә болған балаларға уақтылы жәрдем беру. Бастаманы Оқу-ағарту министрлігі жүзеге асырады.
Қоғам • 19 Шілде, 2024
Цифрландыру үдерісі: Түзеу мекемелеріндегі жағдай қалай?
Бүгінде түзету мекемесіндегі тәртіпті сақтау мен қадағалау мақсатында 38 мыңнан аса бейнекамера орнатылды. Осының нәтижесінде 47 суицидтің және 4 қашу әрекетінің жолы кесілді. Сондай-ақ 9 жанжалдың топтық төбелеске ұласуына жол берілмеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков мәлімдеді.
Экономика • 19 Шілде, 2024
Микроқаржы нарығындағы түйткілдер
Микроқаржы сегменті – қаржы секторының ең жылдам дамып келе жатқан сегменті. 2020 жылдан бастап сектор активтері 2 еседен астам өсіп, 2,6 трлн теңгеге жетті. Нарықтың жиынтық несие портфелі 130%-ға, 2,4 трлн теңгеге дейін өсті.
Экономика • 19 Шілде, 2024
Қалдықсыз өндіріске ден қойған кәсіпорын
Құрмадағы құс фабрикасы ертеден жұмыс істеп келеді. Шаруасы әбден шираған кәсіпорынның жұмыртқа өнімі – Қарағанды брендтерінің бірі. Мұнда шөже, мекиенін қоса есептегенде миллионның үстінде тауық бар. «Қарағанды-Нан» корпорациясына қарасты «Агрофирма Курма» ЖШС жылына 270 миллион жұмыртқа өндіреді.