Ойшыл Шәкәрім: «Айтайын Аттиланың қылған ісін, Сиқыр деп ойлаған жұрт қайрат-күшін... Азияны түгел билеп, Еуропаның көбі ауған, Аттиладан қорыққаны үшін...» дегендейін, Скандинавия халықтарының жырларында, герман эпосында, «Ұлы Эддада» пілге шабатын арыстан іспетті азулы ер, атақты қолбасшы, айтулы дипломат, ерлікті 12 жасында көрсеткен Аттиланың батыр тұлғасы жырланады, оның толқын топтың алдында құрыштан құйылған нақыл сөздерді төгілте толғайтындығы тәптіштеп айтылады.
Әдебиет • 19 Шілде, 2017
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Хамит Ерғалидың 100 жылдығына арналып шығарылған «Ақын сыры» атты мерейтойлық журналды жиі парақтаймын. Хамаңа деген айрықша махаббатпен шығарылған. Ақын мен азамат болмысы жақсы өрнектеліп ашылған мұнда. Шығарушы – «Хамит Ерғалиев» қоғамдық қоры. Ал бұл игі іске мұрындық болып, барлық сурет-материалдарын жинақтап, құрастырған, барлық жұмысын перзенттік ықыласпен аялап атқарған Хамит-атаның қызындай болған сүйікті келіні Алтын Мұхамедиярова. Алтын апай өткен жылдың соңына қарай «Егеменнің» редакциясына арнайы келіп, осы журналдың бір-бір данасын белгілі қаламгер Жанболат Аупбаев екеуміздің қолымызға табыстап кетіп еді.
Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Заман ағымы деген осы, бүгінде ұялы байланыс күнделікті өмірімізге дендеп енді. Бала-шағаның, жастың да, жасамыстың да қолында телефон. Бар тірлігімізді бір алақанға сыйып кететін кішкентай құралдың, «ең қымбатты мүлігіміздің» көмегінсіз шеше алмайтын болдық.
Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Шетел азаматтары сақтандыру жарнасын төлей ме?
Жуырда Мемлекет басшысы қол қойған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» жаңа заңның 2-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ, оралмандар сақтандыру жүйесінде Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты міндеттер мен құқықтарға ие» деп жазылған. Жалпақ тілмен айтқанда, жоғарыда аталған азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС – ред.) жүйесіне қазақстандықтармен бірдей жарна төлеуге міндетті. Жарна төлеген соң олар да біз сияқты медициналық көмек алуға құқылы болмақ. Сондықтан шетелдіктер біздің есебімізден тегін емделеді деп қорқудың қажеті жоқ.