Зерде • 20 Шілде, 2024
Үлкен жүректің тоқтап, Алматының Орталық зиратындағы әке – Әуезовтің жанына көшкеніне де қырық күн толды. Бодан жылдардың өзінде мәдени азаттық туралы ой айтқан, кейде Асан қайғы сарынына түскен Мұрат Мұхтарұлы туралы шынайы әңгіме әлі толық айтылып біткен жоқ деп санаймыз.
Әдебиет • 20 Шілде, 2024
Абай мен Пушкин... Біз екі халықтың рухани үндес ұлы тұлғаларын әрқашан қатар айтамыз. Оған себеп те көп. Өз ұлтының аспанынан әлдеқайда биікке ұшқан ақындардың ой деңгейі барша адамзатқа ортақ ғаламшарлық нүктеде түйіседі. Жырлары да, кейіпкерлері де туған топырағына байланбаған – еркін. Осы уақытқа дейін Пушкиннің талант құдіреті жайлы мың-сан мадақ сөз айтылған болар. Бірақ Аполлон Григорьевтен асырып айтқан ешкім жоқ: «Пушкин – біздің барымыз».
Әдебиет • 20 Шілде, 2024
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, жоқ-барды, ертегіні термек үшін», деп Абай жырлағандай, Қазыбек ақын да ешқашан ермек үшін өлең жазып көрген емес. Бұған дәлел – терең сырға толған «Сыртолғау» атты жинаққа енген өлеңдердің бәрінің оқырманға айтар ойы бар. «Туғанда дүние есігін ашқан өлең» ер жете келе сырттағы сан-салалы оқиға ішке түсіп, адамды ойлантпай, тебірентпей қоймайды екен. Сондықтан да дарыны зор, арыны мол ақын өлең-патшаға ғана жүгінеді екен. Оның өлеңге жүгінудегі мақсаты не?
Ғылым • 20 Шілде, 2024
Ә.Марғұлан университеті Археологиялық зерттеулер институты Көктас-2 археологиялық кешеніне жүргізген экспедиция барысында сирек кездесетін жәдігерлерді тапты. Соның бірі – біздің заманымызға дейінгі ХІІІ-VІІІ ғасырлардың ортасындағы Саргарин-Алексеев мәдениетіне жататын найзаның ұшы.
Ғылым • 20 Шілде, 2024
Отандық ономастика саласының негізін қалаушы, Мемлекеттік сыйлықтың және Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Жанұзақ Телғожа 97-нің төрінде де қаламын қолынан тастаған емес. Ол 15 жасынан еңбек етіп, тылдағы майданға араласты. Мал дайындау мекемесінде есепші, бухгалтерлік соқпағы да – бөлек әңгіме. 1947 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтының филология факультетіне оқуға түсіп, 1951 жылы «қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығын алып шығады. Оқу ордасында Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Аманжолов, Ш.Х.Сарыбаев, А.Ысқақов, Т.Қордабаев, Б.Шалабаев, Т.Нұртазин, Қ.Жармағамбетов, Н.Смирнова, М.Сильченко, С.Толыбеков, С.Бақшылов, Н.Әбішев, Ғ.Жармағамбетова сынды ғалым-ұстаздардың дәрісін тыңдайды.