Еңбек • 20 Шілде, 2024
Есембек әулетінің еселі еңбегі
Есембек әулетінің болат балқытудағы еселі еңбектері тым әріден басталады. Арғы әкелері Мұқажан қажы бойындағы қажыр-қайратын Балқаштың түсті металдар ұқсату зауытына жұмсап, мыс балқытып, болат өндіріпті. Әкенің өнегелі жолын Қабдырахман Мұқажанұлы лайықты жалғап, металлургия саласының саңлағына айналады. Қазір Қабекеңнің балалары, немерелері мыс зауытында маңдай терін төгіп жүр.
Ауыл • 20 Шілде, 2024
Пестицидті дұрыс қолданып жүрміз бе?
Ертіс-Баян фермерлері жеміс дақылдарына түсетін зиянкес жәндіктерден зардап шегіп отыр. Шаруалардың егіс алқаптарында жеміс-жидек дақылдарының бактериялық күйігінен, қызанақ көбелегінен келген шығын 50 мың гектарға дейін жетеді. Қоңыр мәрмәр қандала және басқа да жаңадан пайда болған зиянкестер зор қауіп тудырады.
Ауыл • 20 Шілде, 2024
Ақылды ауыл шаруашылығы орталығы
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің бас ғимаратында Қытай Халық Республикасының Ланьчжоу университетімен бірлесіп, Қазақстан-Қытай ақылды ауыл шаруашылығы орталығы ашылды. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға ресми сапары аясында қол қойылған 30-ға жуық келісімнің бірі.
Ауыл • 20 Шілде, 2024
Биыл Ақмола облысында 183 813 қара мал, 243 842 жылқы, 526 488 қой-ешкі қыстатылғалы отыр. Мал қыстатуға 1 320,8 мың тонна шөп, 260 мың тонна пішендеме дайындалуы қажет болса, күні бүгінге дейін 834,1 мың тонна шөп, 103,8 мың тонна пішендеме дайындалған.
Қоғам • 20 Шілде, 2024
Таяу күндері әлеуметтік желіде белгілі тележурналист «Газет өлді» деген екіауыз сөз жазылған пост жариялады. Әдеттегідей, оның астында баспасөздің жанашырлары мен газет-журналдың жаназасын шығаруға асығушылар пікір жазысып айтысқа түсті. Бірі газет ешқашан өлмейтінін алға тартса, екіншісі қазір халықтың бәрі интернетке көшкенін, сол себепті дәстүрлі медианың заманы өткенін дәлелдеуге тырысып бақты.