Аймақтар • 29 Шілде, 2018
Қостанайда «Қазақстанның үздік тауарлары» көрме-байқауы өтті
Жыл сайын дәстүрге айналған «Қазақстанның үздік тауарлары» облыстық көрме-байқауы быил төртінші рет өтті, оған биыл 31 үміткер қатысты. Байқауда жеңімпаздар «Өндірістік маңызы барүздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» атты үш аталыммен іріктелді. Көрме-байқауға келген облыс әкімі Архимед Мұхамбетов кәсіпкерлерге мұндай көрме-байқау тәжірибе алмасу, бизнес туралы ақпараттар алмасу үшін қажет дүние екенін айтты.
Қазақстан • 28 Шілде, 2018
Дәурен Абаев Бішкек қаласында өткен xалықаралық конференцияға қатысты
Жиында Министр «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бес бағытын қысқаша түсіндіріп берді.
Футбол • 28 Шілде, 2018
«BAQ league» турнирінің төртінші маусымы басталды
Бүгін Астанадағы «Тарлан-Арена» спорт кешенінде шағын футболдан журналистер арасындағы «BAQ league» турнирінің төртінші маусымы басталды.
Әлем • 28 Шілде, 2018
Қазақстандық каноэшы Әнуар Акчурин күміс медаль алды
Қазақстандық каноэшы Әнуар Акчуринюниорлар арасында (18 жас және одан да төмен) каноэ мен байдарка есуден өтіп жатқан Әлем Чемпионатында күміс медаль иеленді.
Қазақстан • 28 Шілде, 2018
Қазақстандықтар ЖОО білім гранттарын бөлгенде бақылаушы бола алады
Қазақстандықтарға елдің жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу кезінде мемлекеттік білім беру тапсырыстары мен білім беру гранттарын тағайындайтын конкурстық комиссия жұмысына қатысуға мүмкіндік беріледі. Бұл шараны «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын жүзеге асыру аясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп ұйымдастыруда, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.