Үкімет • 29 Маусым, 2024
Үкімет басшысының Сыр еліне сапары
Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысында жаңа ЖЭО құрылысының барысымен танысты. Сондай-ақ жоспардағы шыны кластеріне қатысты табақ шыны өндіретін инвестициялық жобаны көріп, Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмасының орындалуын тексерді.
Білім • 29 Маусым, 2024
Ауыл баласы ұлттық бірыңғай тестілеуде (ҰБТ) топ жарды. Елімізде негізгі ҰБТ басталғалы 6 апта өтті. Осы уақыт ішінде ең жоғары нәтижені кім жинайтынын көпшілік тағатсыздана күткен еді. Міне, Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ аулындағы №22 орта мектептің биылғы түлегі, «Алтын белгі» иегері Еңсебек Жаннұр Абзалұлы елді елең еткізіп, 140 балмен рекорд жаңартты. Осы орайда шешуші сынақтың барлық сұрағынан сүрінбеген талапкер туралы анасы мен мектеп басшысынан алған эксклюзив әңгімемізді ұсынамыз.
Аймақтар • 29 Маусым, 2024
Жыл өткен сайын өндіріс қуатын арттыруға басымдық берген «Әулие-Ата Феникс» құс фабрикасының басшылары қазіргі кезде ішкі нарықты қамтумен шектеліп отырған жоқ. Құс етінен өндірілген өнімдер алыс-жақын шет мемлекеттерге экспортқа шығарылып жатыр. Уақыт алға жылжыған сайын өндіріс қуатын арттыруға ден қойған фабрика ұжымы діттеген мақсатқа жету жолында аянып қалмайтыны анық.
Қоғам • 29 Маусым, 2024
Елорда төрінде журналистер марапатталды. Мерекеге орай бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы, «Құрмет» ордені, «Шапағат» және «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдары, Президент Алғысы және «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.
Үкімет • 29 Маусым, 2024
Парламенттің екінші сессиясы аяқталды
Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы өтіп, күн тәртібінде сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясының жабылуы және парламенттік каникул туралы мәселе қаралды. Бірлескен отырыста қабылданған қаулысымен Парламент кезекті сессиясын аяқтап, депутаттар 1 шілдеден 1 қыркүйекке дейінгі демалысқа шықты.