Аймақтар • 22 Маусым, 2023
Бұрғылау жұмыстарын іске қосу рәсімі өтті
Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы «жасыл» сутегі өндіретін зауыттың құрылысы аясында Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мен Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен бұрғылау жұмыстарын іске қосу рәсімі өтті.
Экономика • 22 Маусым, 2023
Өткен жылдары еліміздің ІЖӨ динамикасы қалпына келтірілгеннен кейін биыл экономикада нақты мәнде 4-5% өсім жоспарланып отыр. Ресейдің Аналитикалық кредиттік рейтинг агенттігі (АКРА) елімізде өнеркәсіптік құрылымды әртараптандырудың кезең-кезеңімен ұлғаюын атап өтті.
Қазақстан • 22 Маусым, 2023
Биылғы жылдың 4-тоқсанында ел аумағы арқылы Ресейдің табиғи газы Өзбекстанға тасымалдана бастайды. Біздің тарап Орталық Азия аймағындағы энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру және қаражат алу бөлігінде бұл газ транзитіне мүдделі болып отыр.
Инвестиция • 22 Маусым, 2023
Салымшы және инвестициялық табыс
Биылғы мамыр айына дейін ел азаматтарының зейнетақы жинақтары 1 трлн теңгеге, яғни 6,9 %-ға өскен. Ал соңғы төрт айда зейнетақы жарналарының сомасы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 663,42 млрд теңгеге жетіп, өсім 27%-ды құрады. Бұл былтырғыдан 139,88 млрд теңгеге артық. Осыған қарап-ақ, зейнетақы жинақтарының өсімділігі инвестициялық табыстан да маңызды рөл атқарып отырғандығын бағамдауға болады. Өткен төрт айда қор салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген, Ұлттық банктің басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық табысы 481,8 млрд теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,5 есеге артқан.
Медицина • 22 Маусым, 2023
Астанадағы медициналық көмектің сапасы
Астана қаласында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінен халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетіп отырған ұйымдар баршылық. Мысалы, биыл қор жоспарлы медициналық көмек көлемі бойынша өтінім берген 172 медицина ұйымымен келісімшарт жасаған. Оның ішінде 133 жекеменшік ұйым болса, (8-і республикалық) 39 мемлекеттік медицина ұйымы бар. Яғни осы медицина мекемелеріне МӘМС жүйесінің шарапаты тиіп отыр.