Шымкент • 24 Маусым, 2024
Шымкентте жаңадан ашылған «Tulip Hall» конгресс-холында Қала күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Оған ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен жастар қатысты. Салтанатты басқосуда әкім Ғабит Сыздықбеков сөз сөйлеп, жиналған қауымды Қала күні мерекесімен құттықтады.
Футбол • 24 Маусым, 2024
Өткен аптаның соңында футболдан Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының кезекті ойындарын тамашаладық. Е тобындағы турнирдің тұсаукесер кездесуінде кілең сайдың тасындай іріктелген Украина құрамасы Румыниядан (0:3) ойда жоқта ойсырай ұтылғанда, олардың дәрменсіздігіне қатты күйінген едік. Ал Словакия болса, азулы Бельгиядан айласын асырып кетті.
Әдебиет • 24 Маусым, 2024
«Махаббатқа керек емес кіріспе»
Оның жүрегіне жалғыздық шоғы түсіп кеткен бе дерсің. Әйтеуір аз ғана өлеңдерінен осындай сарын, жалғыздың мұңы мен шер-зары байқалып тұрады. 19 жыл өмір сүрген ақынның өлеңдеріндегі ой-өріс пен таным-түсінік мүлде басқаша. Уақытынан бұрын есейген жанның толғамы сені де толғандырмай қоймайтын секілді.
Әдебиет • 24 Маусым, 2024
«Кейде...» деп басталады ғой көңіл күй ауандарының көбі. Осы кей-кейде болмаса, дүние жаңармайтындай, жаңа бір нәрсе табылмайтындай көрінеді кейде, әрине. Әне көрдіңіз бе, тіл ұшына өзі-ақ оралып тұрады. Неге оралатыны да белгілі, себебі кез келген сөзді өмірдің өзі тудырып алады.
Аймақтар • 24 Маусым, 2024
Ертемен алыс сапарға жол алған көлік зырғып-ақ келеді. Бала күннен ұстаз тұтқан ұлы ақынға барар жол. Бұл жол – ұзақ аңсардан, қою махаббаттан жаралған жол. Сезімнің сексен тілі болса да, жеткізе алмас шұңғыма қойнаумен астасқан жол.