Қазақстан • 28 Маусым, 2019
«Рухани Жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институтының» Басқарма төрағасы тағайындалды
Кемелбек Ойшыбаев «Рухани Жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 28 Маусым, 2019
Жәнібек Нөпіров Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Жәнібек Мақсұтұлы Нөпіров Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 28 Маусым, 2019
Асқар Мамин Парламент депутаттарына парламент сессиясы жұмысын ұзарту туралы ұсыныс білдірді
Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтті. Отырыс барысында Премьер-Министр Асқар Мамин депутаттарға VI шақырылымындағы төртінші сессияның жұмысын ұзарту туралы ұсыныс білдірді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 28 Маусым, 2019
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынында бір тұрғын үй кешенінде 65 пәтері бар. Оның меншігінде жалпы 67 пәтер бар екен. Көрсетілген тұрғын үйлерді жалға беру фактісі тексерілуде. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің Бақылау департаменті директорының м.а. Әнуар Сүлейменов мәлімдеді.
Аймақтар • 28 Маусым, 2019
Тал-теректі суарудың жаңа тәсілі оң нәтиже бере ала ма?
Ақтөбе қаласы мен оның маңайы жартылай шөлейтті аумақта орналасқаны жасырын емес. Бұл жәйт тал-теректердің көкке бой созып өсуіне теріс әсерін тигізбей қоймайды. Сондай-ақ табиғатты қорғау жөніндегі геодезист маман-ғалымдардың пікірінше мұндағы жерасты топырақ қабаттары мен шөгінділерінде жасыл желектің жайқалып, қаулап өсуіне ырық бере қоймайтын түзілістер де жоқ емес. Әйтсе де ұдайы күтім жасалып, суару нормалары дұрыс сақталған жағдайда кері табиғи факторларға қарамастан ағаштардың жақсы өсетіні ешқандай талас туғызбайды. Сондықтан да биылғы жылы Ақтөбе қаласында жасыл желекті суалтудың жаңа әдісін жүзеге асыру ісі қолға алынды. Израиль елінен жеткізілген жаңа технология тал-теректер мен саябақтарды тамшылатып суару әдісіне негізделген. Бұл істі облыс орталығындағы «КХ Эльмира» кәсіпорны қолға алып отыр.