Білім • 25 Маусым, 2024
Құрғақшылықтан құтқаратын жоба
Өңірде инновациялық жобалар әзірлеуге ден қойған оқушылар жеткілікті. Олар көптеген саладағы олқылықтарды жоюға қолдан келгенше үлес қосқысы келеді. Жаңа технологияның дәуірі туғанын түсінген жасөспірімдер қайткен күнде де жаңа қадам арқылы жаңалық әкелуге тырысып жүр.
Сұхбат • 25 Маусым, 2024
Прагматикалық ынтымақтастықты дамыту маңызды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Еліміздің даму жолындағы осы маңызды мезетте бүкіл қоғам болып, өркендеген, демократиялық, Әділетті Қазақстанды құру идеясының төңірегіне топтасу керек», деген еді. Әрине, бұл топтасуды сыртқы әлеммен байланыс тұрғысынан да ұмыт қалдырмауымыз керек. Қанша дегенмен біздің қоғам ретінде де, мемлекет ретінде де дамыған елдерден үйренеріміз жоқ емес. Оның үстіне халықаралық қауымдастықтың да бізге назары аз түсіп тұрған жоқ. Осы мәселе төңірегінде Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Әсел НАЗАРБЕТОВАМЕН сұхбат құрып, еліміздің ішкі және сыртқы саясатын сараптадық.
Маман • 25 Маусым, 2024
HR институты: Маманды басқарудың жаңа әдісі
Президент тапсырмасына сәйкес мемлекеттік жүйеде стратегиялық басқару, ұйымдық мәдениет, адамға бағдарланған құндылықтар бірінші орында болуы керек. Осыған орай отандық сарапшылар шетелдік әріптестерімен жыл сайын осы саладағы жетістіктерімен бөлісіп, тәжірибе алмасады. Биыл да Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мамандар адам ресурстарын дамытудағы оңтайлы әрі тиімді тәсілдерді талқылады.
Аймақтар • 25 Маусым, 2024
Су тұшыту қондырғысы іске қосылды
Түпқараған ауданының Сайын аулында су мәселесі көптен бері дау-дамай биігінен түспей келеді. Судың жетіспеушілігі өз алдына, су бағасының негізсіз қымбаттауы, су бөлудегі және су тарату құралдарына қатысты мәселелер әлі күн тәртібінде тұр.
Волонтер • 25 Маусым, 2024
Тарыдай жақсылықтың таудай игілігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынымен күрес шараларына белсене атсалысқан ел азаматтарын марапаттау рәсімінде еріктілердің еңбегін жоғары бағалап, оларды қазіргі заманның батырлары деп атады. Сондай-ақ Президент сөз арасында еліміздегі волонтерлік қызметтің жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.