Сенат • 25 Маусым, 2024
Сенатта «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтіп, онда «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» қоғамдық жобасы таныстырылды. Жобаның мақсаты – Парламент депутаттарының, барлық деңгейдегі мәслихаттардың, мемлекеттік органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының өзара тұрақты іс-қимыл жүйесін ұйымдастыру.
Мирас • 25 Маусым, 2024
Мұндай концертті көрген де, көрмеген де арманда. Көктемде Астанаға жер жәннаты Жетісу көшіп келгендей, сол өңірдің ән-күй өнері қалықтаған. Осы жолы Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының ұйымдастыруымен «Арқаның ән-күй мұрасы» атты дәстүрлі өнер кеші аталған ұйым ғимаратында аспандады. Ән-күйі мен әңгімесі қоса есілген кеш Біржан салдың 190 жылдығына орайластырылғаны және бар.
Пікір • 25 Маусым, 2024
Журналист құқы қашанда қорғалады
Саяси мәселелер төңірегінде көп ізденіп, сол тақырып төңірегінде ақпараттық өнім дайындайтын журналистердің өмірі көп жағдайда қауіпке толы. Бұл – әлемде бар құбылыс. Сондықтан журналистердің құқықтары мен бостандықтары мәселесі біздің елде де заң аясында реттеледі.
Білім • 25 Маусым, 2024
Үздік оқушылар – құрмет төрінде
Өткен оқу жылында облыс орталығының оқушылары түрлі білім додаларында топ жарып, халықаралық байқаулардан жүлделі оралды. Жетістікке жеткен өрендерге Павлодар қаласы әкімінің атынан 100 мың теңгелік сертификат табыс етілді.
Саясат • 25 Маусым, 2024
Ұжымдық қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Алматыда Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Белоруссия сыртқы істер министрі Сергей Алейник, Қырғызстан сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысты.