Қаржы • 25 Маусым, 2024
Қаржыны дұрыс пайдалануды үйренейік
Қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуде инвестициялау мен пассивті кірістер үлкен маңызға ие. Азаматтарға инвестициялаудың ең танымал тәсілі депозиттер болып тұр.
Өндіріс • 25 Маусым, 2024
Танымал кәсіпорынның бүгінгі тынысы
Тарихы 80-жылдардан басталатын Қазалы темір-бетон зауытында теміржолға, көпір құрылысына қажетті темір-бетон балкалары, құбырлар, жоғары кернеулі желіге арналған бағаналар, сондай-ақ көпқабатты үй құрылысына қажетті темір-бетон бұйымдарының 60-тан астам түрі өндіріледі. Зауыт жылына 10 мың текше метр темір-бетон бұйымдарын және конструкцияларды өндіруге бейімделген.
Сұхбат • 25 Маусым, 2024
WPC Energy конгресі – ықпалды ынтымақтастық нәтижесі
Қазақ мұнайының 125 жылдығын атап өту қарсаңында Kazenergy қауымдастығы тарихи жетістікке қол жеткізіп, еліміз үшін әлемдік мұнай-газ саласының «Олимпиада ойындарын» – WPC Energy конгресін өткізу мүмкіндігін жеңіп алды (2023 жылға дейін Дүниежүзілік мұнай конгресі деп аталып келген). Бұл жетістік Kazenergy қауымдастығының Дүниежүзілік мұнай кеңесімен (ДМК) (2023 жылдан бастап WPC Energy атауы өзгертілді) көп жылғы жемісті ынтымақтастығының, сондай-ақ ел Үкіметі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдауының арқасында мүмкін болды. Осы орайда халықаралық деңгейдегі іс-шараның мән-маңызы туралы аталған қауымдастықтың бас директоры Әлібек Қуантыровтан сұрап білдік.
Экономика • 25 Маусым, 2024
Экономиканы әртараптандыру: Мұнайды не алмастырады?
Мұнай – біз үшін қомақты табыс әкелетін экономикалық бонус. Алайда шикізатқа тәуелді болу басқа салалардың дамуын тежейтіні белгілі. Мемлекет басшысы да бұл жөнінде «Қазба байлыққа ғана арқа сүйеп, қамсыз отыратын заман келмеске кетті. Жер қойнауынан шыққан қазынаның қосымша құнын барынша арттыру керек. Оны сапалы және сұранысқа ие тауарға айналдыру өте маңызды» дегені белгілі.
Мәдениет • 25 Маусым, 2024
Биыл Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының құрылғанына 90 жыл толып отыр. Тарихы терең, дәстүрі бай бірегей өнер ошағының айтулы мерейтойы аясында Алматыда музыкалық қойылымдардың I театр фестивалі бастау алды.