Форум • 22 Маусым, 2023
Алматы облысының Жамбыл ауданы орталығындағы «Жамбыл» мұражайында «Qazaqstan Ardagerleri» қауымдастығының қолдауымен, Жамбыл аудандық мәслихат депутаты Айдын Серікұлының ұйымдастыруымен «Мен жастарға сенемін!» атты жастар форумы өтті. Форумға жас мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, кәсіпкерлер, спортшылар қатысты.
Қоғам • 22 Маусым, 2023
Он екі қасиет немесе «Мемлекеттік қызмет: жаңа кезеңдегі маңызды міндет»
Жақында «Egemen Qazaqstan» газетінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтың «Мемлекеттік қызмет: жаңа кезеңдегі маңызды міндет» атты мақаласы жарық көрді. Мақалада салаға қатысты тың ойлар айтылып, ұлы даламыздың данышпандары Әбу Насыр әл-Фараби, хакім Абай, басқа да ғалым, ойшылдардың адам туралы, оның қадір-қасиеті туралы нақыл сөздері ұтымды пайдаланылып, бүгінгі мемлекеттік қызметшінің қандай қасиеттерге ие болу қажеттігі көрсетілген.
Құқық • 22 Маусым, 2023
Қылмысқа қарсы қуатты тұжырымдама
Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен «Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету: проблемалар мен шешу жолдары» тақырыбында халықаралық форум өтті.
Отбасы • 22 Маусым, 2023
Жұбы жарасқан тәртіп сақшылары
Олар – бір мамандықты өмірлік кәсіп етіп, қоғам тыныштығын күзетіп жүрген жұбайлар. Отанмен бірге отбасының да бірлігі мен татулығын сақтап өмір сүру – жауапты іс. Полиция қызметінің бар ауыртпалығын бірге көтеріп, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан тәртіп сақшыларының қатарында Жәнібек пен Әйгерімнің шаңырағын да ерекше айтуға болады.
Сұхбат • 22 Маусым, 2023
Лидия Кәденова: Тағдырым театрға таңылған
Драма, комедия, трагедия. Актриса театр өнерінің аталған осы басты үш жанрын тек сахнада ғана сәтті сомдап қойған жоқ, өмір ұсынған осынау көңілдің түрлі сәттерін пешенесіне бұйыртқан тағдыр-тақтасында да теңдей көрді, қайыспай көтерді. Ол бақытты сәттерінде дандайсып, болмаса жеңілген, қайғырған кездерінде морт сынып кетпеді. Драмаға толы өмірінің әр сәтін аялай һәм бағалай білді. Өзіне бұйырған рөлдерін абыроймен алып шықты. Күні бүгінге дейін сол тұғырынан түспей келеді. Себебі ол өнерде қандай талантты актриса болса, өмірде дәл сондай парасатты, терең адам. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Лидия Кәденованың көңіл пернесін басып көрдік. Сыңғырлаған сұлу үн салиқалы сырларын төге жөнелді.