Пікір • 22 Маусым, 2023
Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық идеологиямызды дамыту жөнінде нақты бағыт-бағдарды белгілеп берді.
Қоғам • 22 Маусым, 2023
Адал азамат қандай болуға тиіс?
Таяуда түгел түркінің темірқазығы Түркістанда Ұлттық құрылтайдың екінші жиыны өткені белгілі. «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбына арналған іргелі іс-шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды мәселеге тоқталды. Соның ішінде адал азамат қандай болуға тиіс деген өзекті сұраққа өз көзқарасын білдірді.
Пікір • 22 Маусым, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Түркістанда өткен екінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек. Бұл қиын мәселе екенін түсінемін. Әсіресе олардың бар назары әлеуметтік желіде болған кезде, тіпті, қиын. Бірақ бұл мәселемен айналысу керек. Басқа жол жоқ», деді.
Кәсіпкер • 22 Маусым, 2023
Еңбек адамына кәсіп бастауға ештеңе кедергі бола алмайды. Ең бастысы, ниет болса болғаны. Қазір шағын және орта шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Бұл бағытта отбасымен тұшпара түйіп, қымыз өндіруге ниетті жетісулықтар үлгі. Біз халықтың көңілін тапқан кәсіпкерлердің шаңырағына барып, жұмысымен танысып қайттық.
Экономика • 22 Маусым, 2023
Петропавл қаласында екі жылдан бері немістің атақты «Сlaas Group» ауыл шаруашылығы техникаларын жасайтын компаниясының құрастыру зауыты жұмыс істеп келеді. Компанияның біздегі филиалы комбайн, трактор, себу кешендері, жаткаларды құрастырады. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында орын тепкен бұл кәсіпорын еуропалық жоғары сапалы техникаларды Солтүстік Қазақстан облысы ғана емес, көршілес аймақтарға да шығарады. Мәселен, былтырдың өзінде «ҚазАгроФинанс» жеңілдетілген несие жүйесі арқылы 3 мыңдай техника алуға келісімшарт жасады.