Тарих • 24 Маусым, 2025
Мына бір фото соғыс жылдары Қызыл Армияның Әскери әуе кұштерінің үнпарағы «Сталинский сокол» (жауапты редакторы В.П.Масковский) газетінің 1944 жылғы 5 желтоқсан күнгі №98 (292) санына жарияланыпты. Жәдігердің астына: «Бірінші Прибалтика майданы. Қазақ экипажы. Звено командирі үш орденді гвардия аға лейтенанты Есіркепов – 100 дүркін жауынгерлік ұшу жасаған. Звено штурманы гвардия лейтенанты Имашев – 50 дүркін жауынгерлік ұшу жасаған. Екі орденді радист-атқыш гвардия сержанты Тәжібаев 30 дүркін жауынгерлік ұшу жасаған. Барлығы – Сталинград, Белоруссия, Прибалтика шайқастарына қатысқан. Суретті түсірген И.Фигурова», деп жазылыпты.
Тарих • 24 Маусым, 2025
Нұрбай батыр немесе 38 жылдан кейін расталған құжат
Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, жұртының амандығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен тұлғалар ұлт тарихының әр белесінде биік деңгейге көтеріліп отырған. Тарихи тұлғаларды жік-жігімен қарасақ, сонау дана бабаларымыз Тоныкок, Күлтегіннен бастап, ұлы хандарымыз Жошы хан, Тәуке хан, Керей хан, Жәнібек хан, Есім хан, Абылай хан деп әрі қарай жалғаса берері хақ. Ел қорғаған батырларымыз Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбайдан бастап, Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүздің небір жаужүрек батырлары болғандығы тарихтан мәлім. Олар туралы халық аузында көп айтылса да, кейбір мәліметтер көмескіленіп, бүгінге жетпей қалғандары қаншама.
Спорт • 24 Маусым, 2025
Әзербайжанның бас шаһа-ры Бакуде ұйымдастырылған UFC турнирінің бастапқы кардтарының бірінде аса жеңіл салмақтағы Азат Мақсұм ресейлік Тагир Ұланбековпен күш сынасты. Бұл бәсекеде біздің спортшы басым болғанына қарамастан, төрешілер даңқты Хабиб Нұрмағомедовтің қол астында жаттығатын Дағыстанның тумасын жеңімпаз деп таныды. Жарыста Қордайда туып-өсіп, кейіннен Қырғызстанға, одан кейін өзінің тарихи отаны Әзербайжанға қоныс аударған Рафаэль Физиев чилилік Игнасио Бехамондестен ұпай санымен басым түсті.
Ғалам ғажаптары • 24 Маусым, 2025
«OpenAI» алдағы уақытта шығатын тілдік модельдер биологиялық қару жасауға қабілетті болуы мүмкін деп алаңдаушылық білдіріп отыр. Компанияның қауіпсіздік бөлімінің жетекшісі Йоханнес Хайдеке мәлімдегендей, мұндай модельдер ғылымнан хабары жоқ адамдардың өзіне қауіпті патогендер жасауға мүмкіндік беруі мүмкін.
Спорт • 24 Маусым, 2025
Будапештте бұйырғаны – жалғыз жүлде
Мажарстан астанасы Будапештте дзюдодан әлем чемпионаты аяқталды. Төрткүл дүниенің теңдессіздері бас қосқан бәсекеде еліміздің құрамасы жалғыз медальды қанағат тұтты. Оны Әбиба Әбужақынова жеңіп алды. Аса жеңіл салмақта белдескен қазақ қызы финалда ұтылып, күміс медаль иеленді. Өкінішке қарай, өзге балуандарымыздың бірде-біреуі жеңіс тұғырына көтеріле алмады.