Білім • 23 Маусым, 2017
Ұбт-да ұялмай айтарлық көрсеткіштер бар
ҰБТ-ның екінші күнінің қорытындылары белгілі болды. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, екінші лекте 22036 бала тестілеуге қатысып, қазақ тілінде 15663, орыс тілінде 6373 адам тест сынағын тапсырды. 63 ҰБТ өткізу пунктінде жүргізілген тестілеуде тәртіп бұзғаны үшін 4 адам аудиториядан шығарылып, жауаптары жойылды. Сондай-ақ, 10595 тыйым салынған заттар алынды. Орташа балл – 78,23. Осы орайда ұлттық бірыңғай тестілеу барысының ел аумағындағы жүргізілу барысымен өңірдегі тілшілеріміз де танысқан еді.
Медицина • 23 Маусым, 2017
С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асырудың өзекті мәселелерін ортаға салған жиын өтті. Шараны ҚХА тарапы ұйымдастырды. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер, зиялы қауым өкілдерімен қатар, өңірге арнайы сапармен келген Қазақстан Жазушылар одағының делегация мүшелері де қатысты.
Театр • 23 Маусым, 2017
Ортақ құндылыққа қызмет ететін жоба
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімовтің 80 жасқа толу құрметіне өтіп жатқан І Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалінің ерекшелігі – шараға Белоруссия, Германия, Грузия, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Ресей елдерінен танымал өнер ұжымдары қатысуда. Осы шараға орай біз «Бейсана қауышу» модерн-драмасымен Германияның Берлин театры атынан қатысқан Катарина Мащанка Хорн мен Неманья Мютикке жолығып, ой-пікірлерімен бөліскен едік.
Қазақстан • 23 Маусым, 2017
«Еңбек қай елде де елеусіз қалмайды»
Дүйім дүниенің түкпір-түкпірінен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына қатысу үшін елордаға келген делегация арасында Еркін Бөлекбаев есімді қандасымыз бар. Қандасымыз Қырғызстанның Жогорку кенешінің екі шақырымдағы депутаты болып сайланған, Қырғызстанның Жасылдар партиясының төрағасы, Қырғызстан Қаржы полициясы мемлекеттік қызметі төрағасының міндетін атқарушы болған. Осы елдегі Қазақтар қауымдастығына басшылық жасайтын Қырғызстан халықтары ассамблеясы кеңесінің мүшесі Еркін Қасымұлын аз-кем әңгімеге тартқанды жөн көрдік.