Алматы • 23 Маусым, 2023
Алматы дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты
Елдегі ең үлкен мегаполисте 2040 жылға қарай халық саны 3 млн адамға жетеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында қала әкімі Ерболат Досаев хабарлады.
Саясат • 23 Маусым, 2023
Мемлекеттік қызметтегі әйелдің рөлі
Мемлекеттік қызметте әйелдер ерлермен тең мансап құра ала ма? Олардың жұмыс уақыты қандай болуы керек? Қызметке қабылдау және жұмыстан шығару кезінде олардың құқықтары сақтала ма? Жалпы, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әйелдердің рөлі қандай? Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырған диалог алаңында сарапшылар осы мәселелерді талқылады.
Өндіріс • 23 Маусым, 2023
90-жылдар басында Қызылорданың Құмкөл кенішінде алғашқы мұнай өндіріліп, аграрлық сала атанып келген өңір өнеркәсібіне үлкен өзгеріс енгізілді. Осыған дейінгі 5-6 жыл жер қойнауындағы «қара алтын» қорын зерттеуге, инфрақұрылым тартуға жұмсалған-ды. Осылайша, Сырда тың кәсіпке жол ашылып, жергілікті кадрлар даярлауға баса мән берілді. Дегенмен соңғы жылдары отыз жылдан астам ел өзегін жалғаған өндіріс қарқыны бәсеңдеп келе жатқаны байқалады.
Қылмыс • 23 Маусым, 2023
Есірткі саудалаушылар есіріп барады
Елімізде соңғы бес айда 600-ден аса есірткі сатушы ұсталса, оның 99-ы – әйел. Ішкі істер министрілігі, әсіресе Телеграм желісінде есірткі саудалаушылар саны өсіп бара жатқанын айтып, дабыл қағып жатыр. Соңғы 5 айдың өзінде есірткі жарнамалайтын 2200-ден астам сайт бұғатталған. Бұл туралы Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысында құзырлы орган өкілдері мәлімдеді.
Қоғам • 23 Маусым, 2023
Бүгін – Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі. Басты мақсаты халықтың сенімін ақтап, ұлтымыздың абыройын асыру болып саналатын бұл қызметтің арқалаған жүгі салмақты, жауапкершілігі де аз емес. Өйткені мемлекеттік қызметкер – әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы.