Оқиға • 24 Маусым, 2025
Шілде айында ел азаматтары неше күн демалады
Елімізде жыл сайын 6 шілдеде Астана күні аталып өтеді. Бұл күн ресми түрде демалыс болып саналады. Биыл Астана күні жексенбіге сәйкес келіп отыр. ҚР «Мерекелер туралы» Заңына сәйкес, бұл жағдайда қосымша демалыс күні келесі жұмыс күніне — 7 шілдеге, дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, 5, 6 және 7 шілде күндері ел азаматтары үш күн қатарынан демалатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Маусым, 2025
Disney-дің «Элио» толықметражды фильмі қазақ тілінде көрсетіледі
Жақында Алматыда Disney мен Pixar студияларының «Элио» атты жаңа фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі өтті. Фильмдерді түрлі елдерге бейімдеп, дубляждау – Disney компаниясында бұрыннан қалыптасқан үрдіс. Disney жыл сайын әр фильмнің түрлі тілдердегі 40-ға жуық нұсқасын дайындайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Маусым, 2025
Оксфорд университеті және қазақ тілі: Қазақ журналисті Oxford жобасында
Өткен жылдың басында Oxford Birsöz Initiative атты бастама қазақ тілін оқыту мен дамытуға бағытталған арнайы бағдарламаны іске қосты., деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Маусым, 2025
Қызылорда облысында жыл басынан бері 14 адам суға кеткен
Шомылу маусымы басталғалы бері облыстық төтенше жағдайлар департаменті, білім басқармасы мен қала әкімдігінің қызметкерлерінен жасақталған топтар профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Олар каналдар мен су айдындарына рейд ұйымдастырып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 24 Маусым, 2025
Елдің еңсесін әділ сот тіктейді
24 маусым – «Тура биде туған жоқ» қағидасымен ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғап, күн сайын түрлі тағдырлы шешімдер қабылдайтын судья һәм сот қызметкерлерінің күні. Бұқараның заңды құқығы мен ар-намысын қорғау жолында білімі мен күш-жігерін сарп етіп жүрген сот қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ешқашан да назардан тыс қалмақ емес.