Қазақстан • 23 Маусым, 2017
Елбасы Дүниежүзі қазақтарының мерейтойлық құрылтайын ашты
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өз жұмысын бастады.
Алты құрлыққа сауын айтылып, ғаламдағы исі қазақтың игі жақсыларын жинап, атажұрттан алшақ жүрген аймаңдай бауырларымыздың басын қосып, оларды бауырға басу үшін жасалып жатқан V құрылтайға жиналған халық кеше түс ауа ажарлы Астанадағы еңселі ескерткіш «Қазақ елі» монументіне гүл шоқтарын қойды.
Медицина • 23 Маусым, 2017
Міндетіміз – сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету
Алматы және Алматы облысындағы 2,5 миллион тұрғынды, яғни 102 382 шаршы шақырым аумақты жарықпен қамтамасыз етіп отырған ірі мекеме – «Алатау жарық компаниясының» жұмысы жылдан жылға күрделеніп келеді. Қаланың өсуімен, халық санының көбеюі жарық тасымалдаушы компанияның жауапкершілігін арттырды. Түрлі қиындықтарды еңсеріп, Елбасының бес институттық реформасын жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» тапсырмалары бойынша тыңғылықты жұмыс атқарып отырған компанияның басқарма төрағасы Мұхит Үмбетовтен өткен мен бүгіннің ахуалын сұрап, сұхбаттасқан едік.
Клай-фай жанры немесе әдебиеттегі табиғат апаттары
Бірер апта бұрын АҚШ президенті Дональд Трамптың қоршаған ортаны қорғауға қатысты Париж келісімінен шығамын деген еді. 2015 жылдың желтоқсан айында 194 мемлекет қол қойған Париж келісімі – ғаламдық жылыну процесін тежеуге арналған әрекеттер жоспары. Тараптар өздеріне климаттың өзгеруіне икемделу, техникамен қайта жасақтану, ауаға залалды заттардың шығарылуын азайту бойынша шаралар қабылдауға міндеттемелер алған болатын. АҚШ аталған келісімнен бас тартып отыр. Бір қуаныштысы, шығамын деген сәтте шыға салуға болмайды, бұл рәсім төрт жылға созылады екен. Осы жағдай есіме клай-фай жанрындағы әдебиетті түсірді.
Қазақстан • 23 Маусым, 2017
Дариға Назарбаева: Болашақ ұрпақ ата-бабамыздың рухани құндылықтарын сақтай отырып дамуы керек
Бүгін Астанада өз жұмысын бастаған ХІV Еуразиялық медиа форум барысында аталған шараны ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева сөз сөйлеп, форум жұмысын ресми түрде ашық деп жариялады.