Қазақстан • 29 Маусым, 2018
Абайдың хаты Астана көрмесіне қойылды
Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен хәкім Абай мен данышпан Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығана арналған «Ұлы тұлғалар үндестігі» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
Аймақтар • 29 Маусым, 2018
Семейде домбыраның қоңыр үні күмбірледі.
Семей қаласы мектептеріндегі жазғы лагерь оқушыларының қатысуымен «Домбыраның қоңыр үні» атты шара өткізілді. Шара №5 тереңдетілген, үш тілде оқытатын мектептің оқушысы Бейсенбай Нұрисламның орындауында «Арнау» жырымен ашылды.
Өнер • 29 Маусым, 2018
Елбасына сыйға тартқан домбыра
2000 жылы күй атасы Құрманғазыға арналған ескерткіштің ашылу салтанатында Қазақстанның халық әртісі Қаршыға Ахмедияров Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа домбыра сыйлаған еді. Бұл туралы облыстық тарихи-өлкетану музейінің бұрынғы басшысы Нариман Үлкенбайұлы естелігінде былай деп жазған: «Елбасы Н.Назарбаев Атырауға келген сапарында Азаттық көшесінің бойындағы Құрманғазы бабамызға арналған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысатыны жоспарланған еді. Осы салтанатты шарада сөз сөйлейтін Қаршыға Ахмедияров күні бұрын шебер Жақсылық Оспановқа арнайы тапсырыс беріп, домбыра жасатты. Елбасы күй қағанының қолынан домбыраны ризашылықпен алып, облыстық тарихи-өлкетану музейіне тапсырған болатын. Содан бері құнды жәдігер есебінде көрмеден орын алды».
Өнер • 29 Маусым, 2018
«Ұлттық домбыра күні» жарияланғанына қатты ризашылықпен қараймын. Бұл ұлттық мұрамызды қастерлеген, болашағын ойлаған азаматтардың арман-тілегі, ұлтжандылықпен табандылық көрсетуден аянбаған еңбектерінің жемісі деп мойындау керек. Домбыра мен күй құдіретін Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан сипаттап: «...күй – адамның анық тілі, шын тілі, көпке бірдей ұғымды тіл. Бұл жанға хас, жүрек тілі, сезім тілі. Күй тілі: неше түрлі рақат татқан адам жаны осы тілмен сөйлейді, һәм түрлі үндерді осы тілмен сұлулап, майлап қояды, қуаныш-шаттық рақатынан сыртқа білгізеді, адам мехнатын, ауыр ісін жеңілдетеді, қайғы хафасын шығарады, мауқын басады», дейді (Бөкейхан Ә. Алматы «Қазақ энциклопедиясы» баспасы, 1995. 331-бет).
Қазақстан • 29 Маусым, 2018
Қайнар аға, қасиетің ауар екен қай балаға?
«Достықтың до-ре-ми-фасы». Сана сүзгісінен өтіп, ақыл биігінен сырғыған тақырыптың бірі осы. Ойы тосып алып, қолы теріп, тиісті орынға бекітті. Енді ол ел игілігіне айналды. Ағам қойған тақырыптың кез келгені алыстан қол бұлғап, оқырманды мақаласына енгізіп жібереді. Оқымай көріңіз, енді. Ол айтады, біз тыңдаймыз. Тыңдату қаперімізге де кіріп шықпайды. Іріліктен ол кісі таймасын, ініліктен біз кетпейміз. «Әбіш аға келді. Бәріміз отырмыз. Жоспар сұрады. Мырс еттік. Оны отқа жаққалы қашан. Ағамыз жатып кеп, ашулансын. Әй, түйесін іздеген Адайдың да жоспары болады. Пәленшекеңнің үйінен түстенем, Түгіленшенің үйінде түнеймін дейтін. Сендердікі не?». Қалай тыңдамайсың?