Қаржы • 24 Маусым, 2025
Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 519 - 525 теңгеден саудаланып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Маусым, 2025
Перизат Қайраттың соты тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін
Жоғарғы сот Перизат Қайраттың соты қандай жағдайда ашық түрде, тікелей эфирден көрсетілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 24 Маусым, 2025
Фемида немесе сот ісінің соқпағы
Әңгімені әлімсақтан бастасақ, адамзат ақыл-ойының аламанында грек жұртының алған бәйгесі аз емес. Олай болатын себебі Сократ, Аристотель, Платон секілді саңлақ санаткерлерінің санасын қалыптастырған мифологиялық түсінік біздің дәуірде де маңызын жоғалтқан жоқ. Жаһанға жарық сыйлаушы алапатты Аполлон, сұлулық пірі айдидарлы Афина, ұсталардың жебеушісі Гефест сынды сан мыңдаған кейіпкерлер адам бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттердің адамданған бейнесі. Соның ішінде әділет медеткері Фемиданың болмысы бөлек. Оның бір қолында таразы, екінші қолында қылыш тұрады, ал көзі әр кез байлаулы. Онысы ешкімге бұра тартпайтын турашылдығының, ешкімге тұра шаппайтын тұрақтылығының айғағы. Бұл күнде Фемиданың бейнесі бүгінгі сот жүйесінің, жалпы құқықтық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналды. Әсіресе, оның тәуелсіз еліміздің төрелік залдарында орын тепкеніне де отыз жылдан асты. Осы уақыт аралығында мемлекетіміздің сот жүйесі біршама өзгерісті бастан өткеріп, дамудың жаңа белесіне көтерілді.
Заң мен Тәртіп • 24 Маусым, 2025
Астанада ІІМ Басқару академиясы ашылды
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Заң және тәртіп» апталығы аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Маусым, 2025
Сыр өңіріне халықаралық туристік экспедиция келді
Маусым айында Мәскеуден бастау алған «Еуразия жүрегіне саяхат – 2025» бірегей туристік танымдық экспедициясы Қызылорда облысына келіп жетті. Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан мемлекеттері өкілдерінің басын қосқан танымдық экспедиция мақсаты – Орталық Азия елдері мен Ресей арасындағы іскерлік, гуманитарлық және ғылыми байланыстарды нығайту, сондай-ақ халықаралық әріптестікті дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.