Үкімет • 23 Маусым, 2017
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2017
Оңтүстікте 600-ден астам кооператив құрылады
Елімізде биылғы жылы қабылданған «Агроөнеркәсіптік кешенін 2017 – 2021 жылдарда дамытуға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 473 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Бұл кооперативерге 52 мыңнан астам ұсақ шаруа қожалықтары бірікті.
Қазақстан • 23 Маусым, 2017
Медиа форум аясында сингапурлық ғалым кітабының тұсаукесері өтті
Астанада өткен XIV Еуразиялық медиа форум аясында Сингапурдегі Ли Куан Ю атындағы мектептің аға ғылыми қызметкері Параг Ханның «Коннектография. Мегақалалар әлем картасын қалай өзгертуде?» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Аймақтар • 23 Маусым, 2017
Алматыда отандық суретшілердің көрмесі өтті
ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана» арт-галереясында Анар Әбжанова, Зейнелхан Мұхамеджан, Сержан Баширов, Оразбек Есенбаев, Хашим Кұрбанов, Арман Баймұратов сынды отандық үздік суретшілердің «Қазақстанның заманауи суретшілері» атты картиналар көрмесінің ашылуы болды.
Аймақтар • 23 Маусым, 2017
«KAZ Minerals» Ана мен бала орталығына жаңа жабдықтар сыйлады
«KAZ Minerals» тобының «Шығыстүстімет» ЖШС-і Өскемендегі Ана мен бала орталығына педиатриядағы қатаң бронхоскопия жасауға арналған жаңа жабдықтарды тарту етті. 30 құралдан тұратын жиынтықты жабдықтардың құны – 8 млн теңге.