Қазақстан • 01 Маусым, 2021
Қазақстан – Норвегия: Этносаралық келісім – өркендеу жолы
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Нұрсұлтан Назарбаев қорының және оның норвегиялық әріптесінің бастамасымен сондай-ақ Осло қаласындағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен семинар өтті.
Қоғам • 01 Маусым, 2021
Баланы қорғау – болашақты қорғау
Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы қарашадағы ақпаратына сүйенсек, елімізде 18 жасқа дейінгі 6 млн 330 мың бала бар. Осыған дейін Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын реттейтін және кепілдіктерін айқындайтын 45-тен аса нормативтік-құқықтық акт қабылданған. Соның ішінде, нақты айтсақ, Ата Заңымыздың 27-бабында «Неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» делінген.
Аймақтар • 01 Маусым, 2021
Фоторепортаж: Шың-құзы көкпен таласқан Тарбағатай
Соңымыздан шұбатылған будақ-будақ шаң қалдырып, Еміл өзенінің оң жағасымен зырлап келеміз. Құмдауыт даланы қақ жарған өзен Қытайдан басталып, тарамдала Алакөлге құяды. Біз де Тарбағатай ұлттық паркі қызметкерлерімен бірге көлге қосылған сағасына табан тірегенбіз. Екі күнге жоспарланған сапардың алғашқы күнінде Емілдегі құстарды таспаға тартсақ, ертесі Қарабас тауындағы арқарларды көреміз бе деген ниет бар.
Руханият • 01 Маусым, 2021
Бүгінгі таңда қоғамды алаңдататын ең басты мәселенің бірі ана тіліміздің жағдайы, келешегі, тағдыры екені күмәнсіз. Осы тұрғыдан келгенде өткендегі мынадай бір тарих еріксіз еске түседі. 1986 жылдың күзінде, ол кезде республикалық «Жалын» баспасының директоры едім, Орталық партия комитеті шақырып алып, менің республикалық «Казкнига» кітап саудасы бірлестігіне басшы болып баруым қажет екенін айтты.
Қоғам • 01 Маусым, 2021
Ұлт мақтанышына айналған азамат
Көбей (Көпжасар) ағадан аяқ астынан көз жазып қаламыз-ау деген ой ешбірімізде болған жоқ. «Өмір – өткінші» дейтіні сондықтан болса керек атам қазақтың. Асыл ағамыздың арамыздан кеткеніне де, міне, жылға жақындапты.