Өндіріс • 26 Маусым, 2024
Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында орналасқан «Пойма» май зауыты тәулігіне 100 тонна күнбағыс майын өңдейтін рафинация желісін іске қосуға дайындалып жатыр. Жобаға соңғы үш жылда 2,7 млрд теңге инвестиция құйылған.
Қоғам • 26 Маусым, 2024
Дарынды жастар цифрлық киіз үйде бас қосты
NU орналасқан цифрлық киіз үйде тамаша іс-шара өтті. Онда аталған жоғары оқу орнын әр жылдары бітірген түлектер бас қосты. Сондай-ақ биыл әлемдегі үздік университеттердің 30 пайызының қатарына кіретін NU оныншы бітірушілер легіне диплом табыс етілді. Мазмұнды іс-шара барысында университет түлектері өздерінің іске асырып жатқан іргелі жобалары туралы әңгімеледі.
Суицид • 26 Маусым, 2024
Жыл сайын әлемде суицид салдарынан шамамен 800 мың адам өмірден өтеді. Бұл дүние жүзінде әр 40 секунд сайын 1 адам өз-өзіне қол салады дегенді білдіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қазақстан әлемдегі суицид деңгейі ең жоғары елдердің қатарына кіреді.
Аймақтар • 26 Маусым, 2024
Әділетті Қазақстанның басты ұстанымы – ашықтық пен әділдік. Алайда қазына қаржысын талан-таражға салуды көксейтіндер қатарының азаймағаны көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Сараптама • 26 Маусым, 2024
Медиация: жүйе, қағидат және тәжірибе
Қазіргі қоғамда, әсіресе еліміздің құқықтық жүйесінің үздіксіз дамуы жағдайында медиацияның маңыздылығы артып келеді. Даулы мәселелер мен ұрыс-керісті шешудің бұл әдісі сот және мемлекеттік органдарға түсетін салмақты азайту үшін ғана емес, қоғамдық келісім мен құқықтық мәдениетті нығайту үшін де маңызды.