Оқиға • 28 Маусым, 2025
Медиа саласының 66 өкілі жаңа пәтерге ие болды
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасы Президентінің атынан медиа саласы мамандарына пәтер сертификаттары табысталды. Бұл игі шара «Дара» Президенттік бастамалар қорының қолдауымен жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Басылым • 28 Маусым, 2025
Қазір әлем геосаяси шиеленіспен қатар ақпараттық майдан алаңында өмір сүріп жатыр. Ақпараттық соғыс – бұл жай ғана термин емес, ол бүгініміз бен болашағымызды айқындайтын көзге көрінбейтін шайқас. «Бұл жерде қару-жарақ, танк, сарбаздар жоқ, бірақ қауіптілігі азаймайтын күрес бар. Бұл біздің санамызбен шайқас, ал ол күнделікті көріп-білген нәрсемізді шындыққа жанастырып жібереді», дейді америкалық сарапшы Том Сандерс.
Марапат • 28 Маусым, 2025
Ақпарат майталмандары марапатталды
Елорда төрінде журналистер құрметтелді. Мерекеге орай бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» және «Еңбек ардагері» медалі, сондай-ақ «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.
Қоғам • 28 Маусым, 2025
Былтыр тыңдарман қауымның рухани әлеміне жаңаша леп әкелген ақпарат құралы – «Alqa» радиосы эфирге жол тартты. «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген Алаш арыстарының аманатын арқалаған бұл радио ұлттық құндылықтарды насихаттап, рухани мұраны жаңғыртуды басты мұрат еткен. Танымдық әрі тәрбиелік мазмұнға бай хабарларымен танылған медиа-ресурстың құрылғанына жуырда бір жыл толды. БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында біз радио редакциясына арнайы бас сұғып, жұмысымен танысып қайтқан едік.
Жасанды интеллект • 28 Маусым, 2025
Нейрожелі БАҚ-тың бағын байлай ма?
Жасанды интеллектінің негізі сонау өткен ғасырдың 50-жылдары қаланғанымен, тек 2010 жылдардан бері ғана өзінің өміршеңдігін дәлелдей бастады. Ал қазіргі қарқыны бір жағынан жан сүйсінтсе, екінші жағынан күмәнді ойға жетелейді. Жалпы, нейрожелі ХХІ ғасырдың таптырмас цифрлық технологиялық жаңалығы болып тұр. Әзірге. Себебі жыл емес, ай емес, күн санап жаңарып жатқан цифрлық технологиялар өз кеңістігінің шексіз екенін көрсетіп келеді.