Руханият • 29 Маусым, 2024
Биыл көрнекті ғалым, тарихшы, әдебиетші Мұхаммед Хайдар Дулатидің туғанына – 525 жыл. Философия, саясаттану және дінтану институты ұйымдастырған «Мұхаммед Хайдар Дулатидің діни-философиялық көзқарастары» атты ұлттық симпозиумда ғалымдар тарихи тұлғаның өмірі мен еңбектері, ұстанымдары, Қазақ хандығының құрылуындағы алғашқы тарихи деректер, әлемдік мәдениет пен өркениетке қосқан үлесіне қатысты зерттеулер төңірегінде пікір алмасты.
Пікір • 29 Маусым, 2024
Балықтың инвазиялық аурулары – балық өнімділігін тежейтін басты фактор. Сондықтан балық өсетін су қоймаларында ихтиопаразитологиялық жағдайды дер кезінде айқындап, табылған ауру түріне қарсы күрес жолдарын ұйымдастыру өте маңызды. Елімізде балық ресурстарына бай ірілі-ұсақты 48 262 көл мен 85 мың өзен бар. Олардың жалпы аумағы 7,5 млн гектар шамасында.
Мәселе • 29 Маусым, 2024
Шегіртке неге шамадан тыс көбейді?
Ертіс-Баян өңірінде биыл 100 мың гектарға жуық жерді шегірткеге қарсы өңдеп жатыр. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен қыруар қаржы бөлінген. Мамандар алдағы күндері күн қатты ысыса, саяқ шегіртке одан сайын қаптап, егіс алқабы мен шабындықтарды жайпап кетуі ықтимал деп қауіптеніп отыр.
Шаруашылық • 29 Маусым, 2024
Тозған техника, шаршаған шаруа
Жетісуда жылдан-жылға егіс көлемі еселеніп келеді. Дегенмен су, техника, жер мәселесі әлі толық шешімін таппады. Мәселен, ауыл шаруашылығы техникаларының 60 пайыздан астамы ескірген. Шаруалар қолында 23 мыңға жуық түрлі техника бар. Оның 10 жылға дейінгісі – 8 321 бірлік, 10 жылдан жоғарғысы – 13 215 бірлік. Тозған техника шаруаларды жиын-терім уақытында әбігерге салады.
Жастар • 29 Маусым, 2024
Астанада «Jastar talks» форматында жастармен кездесу өтті. «Жетісу» саябағында ұйымдастырылған іс-шараға журналист және халықаралық жаттықтырушы Махаббат Есен, «Астана жастары» еріктілері мен қала тұрғындары қатысты.