Қоғам • 01 Маусым, 2021
Үкіметтің «зейнетақы қорындағы жиған-тергендеріңді баспана алуға жұмсаңдар» деген сөзінің алғашқы буындары айтыла бастаған мезетте-ақ тұрғын үй нарығы қыж-қыж қайнап жатқан. Баға бетімен кетті. Ауыздықтау тіпті мүмкін болған жоқ. Енді сарапшылар баға төмендейді, нарық тұрақталады деген пікір айта бастады.
Әлем • 01 Маусым, 2021
Коронавирус пандемиясы өзімізден жырақта болып жатқан дағдарыстарға «бізге қатысы жоқ мәселе» деп қарамауды үйретті. Әлемнің кез келген нүктесінде болған оқиға жер шарындағы адамның бәріне әсер етуі мүмкін. Сондықтан Африкадағы пандемияның салдарымен күресу өте маңызды.
Тарих • 01 Маусым, 2021
Алтынсарин және ұлттық әдеби мұра
Қазақ әдебиеттану ғылымында әдеби-мәдени мұраны зерттеудің алғашқы кезеңінде қазақ фольклорын игеру саласындағы жұмыстар тек жалпылама сипаттан аса алмай қалды десек, тарихи шындыққа қиянат жасаған болып шығатыны анық. Жалпыдан жалқыға қарай даму заңдылығына орай басқа ғылым саласы секілді әдебиеттану да әр халықта өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен қалыптасады. Сол жинау-жариялау, кітапқа басып шығару, мақалалар жазу секілді жалпы мәндегі жұмыстардан ғылыми тұрғыда жүйелеу, әдеби талдауға апаратын жолдар бастау алады.
Бокс • 01 Маусым, 2021
Азиядағы сәтсіздікке кім жауапты?
Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылған бокстан кезекті Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Сары құрлықтың ең мықты деген былғары қолғап шеберлері Дубай қаласында бас қосып, он күн бойы жанкүйерлерге тамаша бокс кешін сыйлады. Өкінішке қарай, Токио Олимпиадасының қарсаңында ұйымдастырылған ең соңғы байрақты бәсекеде бірде-бір қазақстандық боксшы Әнұранымызды шырқата алмай, елімізге алтын медальсыз оралды.
Қоғам • 01 Маусым, 2021
2020 жылы 5 мың баланы қамтитын сегіз оңалту орталығы ашылды
Елбасының «Қамқорлық» бастамасы Қамқоршылық кеңесінің отырысы барысында ерекше қажеттіліктері бар балаларға, сондай-ақ қарт адамдарға арналған инфрақұрылым құруға бағытталған екі бастаманы іске асыру талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz