Аймақтар • 02 Маусым, 2021
Қазақта «Күш атасын танымас» деген сөз бар. Ұлы даламызда егеулі найза қолға алып жауға шапқан батырлар да, алысқанын алып жыққан балуандар да өткен. Сол тектілердің жалғасындай болған азаматтар арамызда бүгін де бар. Қазіргі заманның Қажымұқаны деуге тұрарлық Айбар Ержанов бұл күнде ауыр жүк көліктерін жалғыз өзі сүйреп, көпті таңдандыруда. Ол әуелі жол талғамайтын жапондық үш «Джип» автокөлігін қатарынан жалғыз тартып көптің ықыласына бөленсе, жуырда салмағы 15 тонна болатын ауыр жүк көлігін тағы да жалғыз сүйреп ерекше қабілетін танытты.
Қоғам • 02 Маусым, 2021
Тарихтың тереңіне үңілген сайын әрбір тас бетінде қалған таңбалар егемендіктің қандай ұлы ұғым екенін айшықтайды. Осынау ұлан-байтақ жерді аманаттап кеткен бабаларымыз соғысып қана қоймай, мәдениетімізді де биік мінбеге көтеріп кетті. Осы ретте Ұлттық музейде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Ұлық Ұлыс» залының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Қоғам • 02 Маусым, 2021
Ашық аспан астындағы кітапхана
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал кітап – адам баласының санғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Осы орайда Байқоңыр ауданы әкімдігінің аппараты 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай игі істің бастамашысы атанып, елордада «ашық аспан астындағы кітапхана» ұйымдастырды.
Қоғам • 02 Маусым, 2021
Қасіретті жылдар шерін шерткен
Қостанай облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының білім орталығында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Ашаршылықтың ащы шындығы» атты кеш өтті. Тарихи тағылымы мол іс-шараға өткен ғасырдың отызыншы жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандардың талайлы тағдыры туралы он шақты кітаптың авторы, ҰҚК ардагері Ғалихан Мәулетов қатысты.
Аймақтар • 02 Маусым, 2021
Ақаулар жойылып, жұмыстар жалғасуда
Ағымдағы жылғы 23 мамыр күні «Egemen Qazaqstan» газетінде тілші Хамит Есаманның Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі соңындағы №15 шағын аудан тұрғындары тарапынан айтылған кемшіліктер туралы «Тұрғын үйлердің түйінді мәселесі көп» атты мақаласы жарық көрді.