Экономика • 26 Маусым, 2024
Жауапкершілік пен бақылауды күшейту керек
Үкімет алдағы жылыту маусымына ерте қамданып, көктемде тиісті ведомство басшылары мен облыс әкімдері нақты тапсырма алған еді. Кеше Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен отырыста осы жұмыстың есебі тыңдалды. Сондай-ақ жиында елімізде тұрақты жұмыспен қамтамасыз етудің жай-жапсары талқыланды.
Экология • 26 Маусым, 2024
Қалауын тапса, қоқыс та кәдеге жарайды
«Тазалық табалдырықтан басталады» демекші, әр адам өзінің мекен ететін жерін аялап, күтуі қажет. Жыл сайын әлемде 300 млн тонна пластик бөтелке өндіріледі. Бөтелке қалдықтарын қайта өңдеп, кәдеге жаратып, пайдалы дүние жасап шығару әркімнің қолынан келе бермейтіні рас. Осы үрдісті тап басып таныған технологиялық фандоматтар жүйесі елорданың іргесінде 2023 жылы іске қосылды. «Sparklo KZ» компаниясы бөтелкелерді сұрыптап, өңдеуге дайындайды. Қазіргі таңда, Алматы, Астана, Ақтөбе, Өскемен қаласында 123 фандомат қондырғысы халыққа қызмет етеді.
Қоғам • 26 Маусым, 2024
Кейінгі жылдары Түрікменстан мен Қазақстан арасында мәдени-рухани байланыстар жандана түсті. Тереңнен толғасақ, екі ел халықтарын түркі, оғыз дәуірінен бастау алатын түрлі тарихи кезеңдер байланыстырады. Мәдени-рухани мұрасының ұқсастығы, туыстық тақырыбы да өте ауқымды. Иә, түрікмен мәдениетінің қазақ мәдениетімен көп ұқсастығы бар. Ежелгі заманнан бері халықтарымыз бір-біріне қолдау көрсетіп, бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеді. Екі елді ортақ шекара, тарих, дін, мәдени құндылықтар, дәстүрлер мен әдет-ғұрып біріктіреді.
Қазақстан • 26 Маусым, 2024
Ең жоғары құндылық – өмір сүру құқы
Елімізде өлім жазасы түпкілікті жойылғалы үш жыл өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңға қол қойды. Содан бері өлім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айыруға алмастырылды.
Саясат • 26 Маусым, 2024
Қазақстан – Мальта: Қатынас жандана бермек
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанада ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы әрі Мальтаның Сыртқы, еуропалық істер және сауда министрі Иан Борчпен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар төңірегінде жан-жақты пікір алмасып, келіссөздер жүргізді. Келіссөздерден кейін қос елдің Сыртқы істер министрі журналистер алдында бірлескен мәлімдеме жасады.