Төрінен қонақ үзілмейтін үлкен үй
Кез келген қаладағы келімді-кетімді жолаушыларға лайықты қызмет көрсетіп, адамдардың демалуы мен жүріп-тұруына жағдай жасау – жауапты міндет. Әлемнің дамыған елдері бұл бағыттағы жұмыстарды логистикалық карта аясында жүргізіп, қонақ қабылдау мен қызмет көрсетудің де озық үлгілерін қалыптастырып отыр. Яғни, туризмнің дамуына күш, қайрат, қаржы жұмсау арқылы оны еселеп қайтарып алу қамында көптеген жұмыстар жасалуда. Қуанарлығы, еліміздегі логистика бағытындағы дамыту жұмыстары өз деңгейінде жүріп жатыр.
ЭКСПО-2017 • 26 Маусым, 2017
«Ауылына қарап, азаматын таны» деген. Атымтай жомарттар арамызда аз емес. Күні кеше елордада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесіне сонау Алматыдан 500 балаға екі миллион теңге көлеміндегі сомаға билет алып беріп, Астанаға әкелген кәсіпкер жайындағы ақпарат елең еткізген. Көпшіліктің алғысына бөленіп, жеткіншектердің ризашылығына сеп болған замандасымызбен аз-кем тілдескенді біз де жөн санадық. Долкунтай Абдулхалил оңтүстіктегі шаһарда орын тепкен «MetallPromGroup» ЖШС-нің басшысы екен. Әңгіме барысында аңғарғанымыздай, жуырда ғана «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Айтуға оңай» бағдарламасына мұң шаққан үйсіз-күйсіз қос отбасының бірін баспанамен қамтамасыз еткен азаматымыз осы болып шықты.
Қазақстан • 26 Маусым, 2017
Назарбаевтың атын беру – ұлт борышы
Жуырда Түркі әлемінің жарқыраған жұлдызы − Қазақстанда назар аударарлық оқиғаға куә болдық. Халықаралық Астана әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілді. Осылайша, Қазақстан бар ғұмырын еліне арнаған ел Президентіне деген сенімі мен борыш сезімін паш етті. Осы орайда Түркияның мемлекет ретінде құрылып, серпінді дамуына үлкен үлес қосқан Мұстафа Кемал Ататүріктің атымен Еуропаның ең ірі әуежайларының бірінің аталатынын естеріңізге салғым келеді.
КСРО-ның бір қиырындағы Мурманнан екінші қиырындағы Владивостокқа бет алған 66 жастағы желаяқ жүгіріп келе жатқан жолынан бұрылып, Ұзынағашта екі сағат аялдады. Тайлы-таяғымыз қалмай ғажап жанды көрмекке аудандық партия комитетіне – қазіргіше, аудан әкімдігіне жиналдық. Орыс ақсақалы жүгіруді 20 жыл бұрын бастапты, кереметі – бір заманда алпыс екі тамырына құрсау салған 10 шақты ауруынан құлан таза айыққан.
Бизнес • 26 Маусым, 2017
Мұнай-газ саласындағы жан-жақты келісімдер
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аясында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы екіжақты және үшжақты келісімді қамтыған құжаттарға қол қойды.