Руханият • 01 Маусым, 2020
Маңызды құжаттарға қол жеткізсек дейміз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуінде айтылған саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құру мәселесі бүгінгі ұлт тарихы үшін аса маңызды. Президенттің бұл бастамасы «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты өзінің сайлауалды бағдарламасында айтылған, халыққа берген уәдесін орындау жолында тұрғандығының көрінісі ретінде бағаланады.
Саясат • 01 Маусым, 2020
Комиссия міндеттері түсіндірілді
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Президенттің үндеуіне қатысты Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Facebook желісінде пікірін білдірді.
Руханият • 01 Маусым, 2020
Ерікті жасақтың ерлері марапатталды
Төтенше жағдай режімі жарияланып, карантин шектеулері енгізілген кезде Қарағанды облысында 95 азамат өз еркімен әскери қызметке барған болатын. Бір айдың ішінде олар Қарағанды мен Теміртау қалаларында 9 миллион шаршы метр аумақты дезинфекциялық құралдармен өңдеп, ауқымды жұмысты атқарып шықты
Аймақтар • 01 Маусым, 2020
Маңғыстау: Құрықта кеме жасалады
Сауда-саттық тасымалы, келім-кетім ағыны экономикаға күш беретін басым бағыттардың бірі болғандықтан Маңғыстау жарты аралының өткізгіштік мүмкіндігінің маңызы арта түсті.
Қаржы • 01 Маусым, 2020
Банктер кәсіпкерлерге 1 пайызбен несие беруге дайын
«Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлерімен кездесу барысында банктер бизнес өкілдерін қолдауға дайын екенін айтты. Оның сөзінше, өңірлік бағдарлама бойынша әкімдік шамамен 50 млрд теңгені үлестік мөлшерлемемен банктерге бере алады. Халық банкі, Сбербанк қаражатты 1 пайызбен кәсіпкерлерге бөлуге дайын. Нәтижесінде, кәсіпкерге арналған тиімді мөлшерлеме 1,5 пайызды құрайды.