Тұлға • 25 Маусым, 2025
Аты аңызға айналған суырыпсалма ақын әрі жазба әдебиет өкілі, композитор, әнші, актер, ағартушы Иса Байзақов – қазақ әдебиетіне өзіндік үлес қосқан ірі тұлға. Ол 1900 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылында дүниеге келген. Исаның әкесі Байзақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын, ән айтуды жақсы көретін адам болса, шешесі Ғазиза да өнерлі, әнді тамаша орындайтын сауықшыл адам екен.
Тағзым • 25 Маусым, 2025
Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Орал қаласында танымал қаламгер, 30 жылға таяу «Egemen Qazaqstan» республикалық басылымының меншікті тілшісі қызметін атқарған Темір Құсайынды еске алу кеші өтті.
Бокс • 25 Маусым, 2025
Бүгінде Астанада бірнеше елдің боксшылары бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 30 маусым мен 6 шілде аралағында елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «Word Boxing» ұйымының аламаны әлем кубогінің екінші кезеңі өтеді. Жаһандық доданың бірінші кезеңі сәуір айында Бразилияда ұйымдастырылды. Қорытынды кезеңі енді шілденің соңында түңлігін түрмек. Бас қаладағы тартысқа қатысатын елдердің алды күні бұрын Арқа төсіне ат байлап, жергілікті климатқа бейімделіп жатыр. Келген қонақтардың арасында Финляндия құрамасы да бар. 30 жылға жуық осы елде бокстан бапкер болып қызмет атқарып жүрген білікті маман Асқар Сәрсенбаевпен дидарласудың орайы туды. Еуропаның теріскейінде таланттарды түлетіп келе жатқан қандасымыз ағылшыннан бөлек фин, швед тілдерінде де еркін көсіледі екен. Фин шәкірттеріне суомише (фин тілінде) ақыл-кеңесін айтып отырды.
Ғалам ғажаптары • 25 Маусым, 2025
«Meta» компаниясы спортшылар мен белсенді қолданушыларға арналған жаңа «Oakley» смарт-көзілдіріктері сериясын жариялады.
Спорт • 25 Маусым, 2025
Еліміздің VI Жастар спорттық ойындары бағдарламасы аясында үстел теннисінен Павлодарда өткен жарыста Алан Құрманғалиев абсолютті чемпион атағына қол жеткізді.