Футбол • 26 Маусым, 2023
Футболдан 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан Даниядан кейін Солтүстік Ирландияны ұтып, қатарынан екі сенсация тіркегені білгілі. Ал Исландия мен Португалия құрамалары Рейкьявиктегі «Лёйгартальсвётлюр» ұлттық стадионында күш сынасып, бұл бәсеке 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілген еді.
Спорт • 26 Маусым, 2023
«Сары Тарзанның» сазайын берді
Алматыда Қазақстанның «Naiza» және Ресейдің «Ural FC» промоушендерінің бірлесе ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтті. Сол кештің басты бәсекесінде орта салмақтағы Дәурен Ермеков пен Руслан Шамилов күш сынасты. Олар жоғарыда аталған қос ұйымның алтын белбеуін сарапқа салды.
Теннис • 26 Маусым, 2023
Теннистен жұптық сындағы еліміздің бірінші ракеткашысы Александр Недовесов Ұлыбританияда ұйымдастырылған «Челленджер» турнирінде жеңіске жетті. Бұл – 36 жастағы отандасымыздың биыл жеңіп алған алғашқы титулы.
Басылым • 26 Маусым, 2023
Алаш арыстары қызмет еткен ата басылым «Жетісу» газеті 105 жасқа толды. Қай заманда да қоғамның қозғаушы күшіне айналған басылым елдік мүддеден ажыраған емес. Соны ескерген облыс басшысы Бейбіт Исабаев басылым ұжымына жаңа көліктің кілтін табыс етті.
Алматы • 25 Маусым, 2023
Алматыда Орталық Азия елдері мен Ресей Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының бірінші кездесуі өтті. Жиында әлемдік қауіпсіздік мәселесінің маңызды тетіктері сараланып, тараптар өз ойларын ортаға салды.